Қазақстан темiр жолы

Қалдықтарды басқару


Теміржол саласында әртүрлі қалдықтар пайда болады, соның ішінде вагондарды, станциялар мен жолдарды жөндеу және қызмет көрсету қалдықтары, сондай-ақ теміржол желілерін пайдалану қалдықтары. Қалдықтардың құрамында металдар, пластмасса және қоршаған ортаға теріс әсер етпеу үшін дұрыс жоюды қажет ететін басқа материалдар сияқты зиянды заттар болуы мүмкін.

Сондықтан теміржол саласындағы қалдықтарды басқару және кәдеге жарату тұрақты дамудың маңызды элементі болып табылады.

Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдарында жұмыс істеу барысында қатты тұрмыстық қалдықтар, металл сынықтары, пайдаланылған майлар, автомобиль шиналары, флуоресцентті шамдар және басқа материалдар сияқты өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болады.

Қалдықтарды басқару жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына, "ҚТЖ "ҰК" АҚ және оның еншілес ұйымдарындағы қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес айқындалады.

Қалдықтарды шығарушылар қалдықтарды пайда болған сәттен бастап лицензия негізінде қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға иелік етуге берілген сәтке дейін оларды қауіпсіз өңдеуге жауапты болады.

Қалдықтардың айналымын бақылау мақсатында тұрақты ішкі аудиттер жүргізіледі. 2025 жылғы маусымда жүргізілген аудит барысында ережелерінің бұзылуы анықталған жоқ. 
 

2020-2024 жылдар кезеңіндегі қалдықтардың көлемі, тонна
 


2024 жылы "ҚТЖ "ҰК" АҚ-да 57932 тонна қалдық пайда болды, бұл 2022 жылғы деңгейден 1,1% - ға аз. Бұл ретте, "ҚТЖ "ҰК" АҚ Тбас инженер бекіткен "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология саласындағы мақсаттары мен индикаторларына сәйкес 2024 жылға кәдеге жаратуға және қайта пайдалануға жататын түзілетін қалдықтардың санын 2023 жылғы деңгейге қарағанда 2% - ға төмендету бойынша мақсат белгіленді  (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология саласында мақсаттары мен индикаторлары).

Полигонға шығарылатын қалдықтарды азайту және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында компанияда қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату және мүдделі ұйымдарға тапсыру арқылы бөлек жинау жұмыстары жүргізілуде. Компания коммуналдық қызметтермен және қалдықтарды кәдеге жарату және көму қызметтерін жеткізушілермен келісімшарт жасайды. 2024 жылы сыртқы ұйымдарға өтеулі негізде 102246 кг қалдық берілді, оның ішінде.:

2024 жылы бөгде ұйымдарға табысталған қалдықтар

  • Істен шыққан аккумуляторлық батареялар - 36255 кг
  • Мукулатура - 34834 кг
  • Пластик - 12373 кг
  • Отработанные автомобильные шины - 11821 кг
  • Істен шыққан оргтехника - 5426 кг
  • Шыны - 1537 кг

 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еншілес уйымдарында қалдықтармен жұмыс істеу кағидалары