Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ӨЖҚ-ны қамтамасыз ету үшін бизнес-процестерді оңтайландыру

Жоба:ӨЖҚ-ны қамтамасыз ету үшін бизнес-процестерді оңтайландыру

Жоба демеушісі: Оразханов А.Б. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік қолдау жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жоба жетекшісі: Камалов К.К. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ сатып алуды үйлестіру және мониторингтау Департаментінің директоры.

Жоба мақсаты:

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының сатып алу қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру.

Жоба сипаттамасы:

Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін сатып алу процестерін стандарттау, бір түрге келтіруге бағытталған және автоматтандыру (SAP шешімдері негізінде Қор саясатына, сатып алу қызметін басқару Стандарттары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Салалық регламентіне сәйкес мақсатты процестерді енгізу).

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2020 жж.

Жоба периметрі: «ҚТЖ» ҰК» АҚ - Корпоративті центр, «ҚТЖ - Жүк тасымалдау», «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның филиалдары.

Жоба пайдалары: Сапалы пайдалары:

  • Автоматтандыру және сенімді ақпараттың қол жетімділігі арқылы процестердің басқарылуын қамтамасыз ету;
  • Жеткізілім циклін (сатып алу тапсырыстан бастап төлемге дейін) 40%-ға азайту;
  • Уақтылы жеткізуді 85% дейін қамтамасыз ету;
  • Санатты сатып алуды басқаруды 3 жыл ішінде бәсекеге қабілетті сатып алу құнының 50% -ға дейін кеңейту экономикалық пайданы 5%-ға дейін жеткізу үшін;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді азайту.