Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Сатып алуды санатты басқару

Жоба: Сатып алуды санатты басқару

Жоба демеушісі: Оразханов А.Б. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік қолдау жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жоба жетекшісі: Камалов К.К. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ сатып алуды үйлестіру және мониторингтау Департаментінің директоры.

Жоба мақсаты:

Жобаға белгіленген мақсатты пайдаларға сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының сатып алулар санатты стратегияларын әзірлеу және іске асыру арқылы сатып алу шығындарын оңтайландыру және 17 санаттағы стратегияларға иелік етудің жалпы құнын төмендету. Бірыңғай логистикалық торап мысалында қорларды басқарудың оңтайлы үлгісін ұсыну.

Жоба сипаттамасы:  

Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобында 17 санатты стратегияны әзірлеу және енгізуді, қажетті нормативтік және әдістемелік құжаттаманы дайындауды, сондай-ақ қорлардың таңдаулы санаттары бойынша қорларды толтыру үлгілерін әзірлеуді (кемінде 10 үлгі) қарастырады.

Бір логистикалық торапқа қорларды сақтау үшін оптималды қуаттардың стратегиялық варианттарын, қорлардың көлемін және материалды ағындарды есептеу, берілген логистикалық торап бойынша негізгі санаттағы қорлардың нормативті жеткізу мерзімін қоса әзірлеу.

Жобаны іске асыру мерзімі:: 2017-2018 жж.

Жоба периметрі: «ҚТЖ» ҰК» АҚ - Корпоративті центр, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральды желі дирекциясы», «ҚТЖ - Жүк тасымалдау» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Теміржолсу» АҚ.

Жоба пайдалары: Қаржылық пайда қарастырылған.

Сапалы пайдалары:

  • Тапсырыс берушіге қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Сатып алуды жоспарлаудың нақылығын арттыру;
  • Сатып алу қызметінің нәтижелілігін арттыру;
  • Жеткізудің нормативті мерзімін қысқарту.