Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қорларды басқаруды оңтайландыру

Жоба: Қорларды басқаруды оңтайландыру

Жоба демеушісі: Мадиев Ж.Х. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жоба директоры: Омарбекова Ш.С. - Қаржылық бақылаушы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазынашылық Департаментінің директоры.

Жоба жетекшісі: Аманбаева Г.С. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының 1-ші деңгейдегі Бас меңгерушісі.

Жоба мақсаты:

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның айналым қаражатын және материалдық ағындарды басқаруға қатысты қаржылық көрсеткіштерін жақсарту:

  • Талап етілмеген/өтімсіз қорларды (НВЛ/НЛ) тарту немесе іске асыру арқылы баяу істейтін қорлар мөлшерінен 25% -ға қорларды азайту;
  • Материалдық ағындарды оңтайландыру арқылы соның ішінде ТМЦ сақтау алаңдарын шоғырландыру арқылы ішкі логистика мен қорларды иемдену шығындарын азайту;
  • Толықтыру қорынан 15%-ға толтыру үлгілерін енгізу арқылы қызмет көрсетудің деңгейін қамтамасыз ету кезінде қор айналымын оңтайландыру.

Жоба сипаттамасы:

Толықтыру модельдерін енгізу (жеткізудің оңтайлы мерзімдері, көлемдері мен жиілігі) есебінен қор айналымы жақсарады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес компанияларының материалдық ағындарын оңтайландыру үшін логистикалық желінің имитациялық моделі әзірленеді және реттеледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еншілес компаниялардың пайдаланылмаған және баяу айналымдағы қорлары босатылады. ТМЦ сақтауды орталықтандыру арқылы қорлардың төмендетілмейтін деңгейі төмендейді.

Жобаны іске асыру мерзімі:2018-2020 жж.

Жоба периметрі: «ҚТЖ» ҰК» АҚ - Корпоративті центр, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральды желі дирекциясы», «ҚТЖ - Жүк тасымалдау» АҚ, «Казтеміртранс» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Теміржолсу» АҚ, «Вагонсервис» АҚ.

Жоба пайдалары: Қаржылық пайда қарастырылған.

Сапалы пайдалары:

  • Логистикалық қызметтің деңгейін жақсарту;
  • Жеткізу циклінің уақытын азайту және жеткізудің сенімділігін арттыру;
  • Қойма инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттыру;
  • Қорларды және логистикалық инфрақұрылым саласында басқару құзыреттілікті дамыту.