Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу (SAP EHSM)

Жоба: Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу (SAP EHSM)

Жоба демеушісі: Жагипаров А.Л. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндіріс қауіпсіздігі және экология Департаментінің директоры.

Жоба жетекшісі: Омаров М.М. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің 1-ші деңгейдегі Бас менеджері.

Жоба мақсаты: «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін өндірістік қауіпсіздік басқару жүйесін жетілдіру арқылы қауіпсіздік мәдениетін өзгерту және негізгі элементтерді 2016 жылы «жауап берушіден» 0,9-дан 31 желтоқсан 2018 жылға дейін «тәуелді» 1.1 енгізу.

Жоба сипаттамасы: «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына және еншілес ұйымдары үшін бірыңғай корпоративтік принциптары мен әдіснамалары бар өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесін құру (оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, экология).

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті жоспарлау, жұмыс істеу және мониторингілеу үдерістеріне бірыңғай тәсілді енгізу, оған кіреді:

  • Қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату, интеграцияланған құрылымды жетілдіру, қауіптер мен тәуекелдерді процестерін жүйелендіру, оларды автоматтандыру арқылы бақылау;

  • СУПБ басқару жүйесіндегі мінез-құлық аспектілеріне негізделген қауіпсіздікті басқару құралдары (қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттері; олардың түбір себептерін анықтайтын оқиғаларды зерттеу; жұмыс орындарында қауіптерді және тәуекелді бағалауды анықтау; қауіпсіздік комитеттерінің каскадтық құрылымы; төтенше жағдайларға апатты дайындық; мердігерлер ұйымдарының қауіпсіздігін басқару);

  • Қауіпсіздікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің және басшылардың мінез-құлық дағдылары;

  • Жергілікті нормативтік құжаттарды жаңарту.

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2019 жж.

Жоба периметрі: «ҚТЖ» ҰК» АҚ - Корпоративті центр, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральды желі дирекциясы», «ҚТЖ - Жүк тасымалдау» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Теміржолсу» АҚ, «ВЖДО» АҚ.

Жоба пайдалары: Сапалы пайдалары: 2020 жылға дейін жарақаттану, апаттар, күйреулердің санын азайту және қоршаған ортаға экологиялық тиетін әсерді азайту арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қауіпсіздік мәдениетін арттыру.