Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Маркетинг пен сатудың жаңа моделін енгізу

Жоба:Маркетинг пен сатудың жаңа моделін енгізу

Жоба демеушісі: Елюбаев С.Б. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жоба директоры: Исқаков Д.Ж. - «KTZ Express» АҚ Президенті.

Жоба жетекшісі: Сұлтанбек М. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының 1-ші деңгейдегі Бас меңгерушісі.

Жоба мақсаты:

«KTZ Express» АҚ-да маркетингтік және сату процестерін енгізуді және жоспарланған АТ инфрақұрылымы негізінде іске асыру.

Жоба сипаттамасы:

Өзгерістер аясында «KTZ Express» АҚ-да нормативтік құжаттарды 5 негізгі бағытта енгізу жоспарлануда: маркетингтік талдау және сегменттеу моделі, өнімді дамыту және қызмет портфолиосын басқару, клиенттерді дамыту және сатылымды басқару, жарнамалық және маркетингтік коммуникациялар, сапаны бағалау және клиенттердің қанағаттануы.

Бұл өзгерістер әсерін процестерге ғана тигізіп қоймай, сондай-ақ, қызметкерлерді дамытуды, «KTZ Express» АҚ өзгерістерді, сондай-ақ технологиялық процестің тиімділігін және ашықтылығын барынша арттыру үшін CRM жүйелеріне және транспортты басқару жүйелеріне (Transportation management) негізделген автоматтандыруды талап етеді.

Барлық өзгерістер біртіндеп өтеді. Жоспарланған өзгерістер бәсекелестік ортаны және әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, компанияның коммерциялық функцияларын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2020 жж.

Жоба периметрі: «KTZ Express» АҚ, «ҚТЖ - Жүк тасымалдау» АҚ.

Жоба пайдалары: Қаржылық пайда қарастырылған.

Сапалы пайдалары:

  • Әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін коммерциялық функциялардың заманауи процестерін енгізу;
  • Барлық процестердің ашықтығын арттыру: сатудан бастап, тасымалдауды жүзеге асыруға және автоматтандыру арқасында құжаттардың жабылуына дейін;
  • Роботтандыру есебінен «KTZ Express» АҚ процестерінің тиімділігін арттыру;
  • «KTZ Express» АҚ құрылымын әлемдік тәжірибеге және консультанттардың ұсыныстарына сәйкес келтіру.