Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Интеграцияланған жоспарлау жүйесі (ИЖЖ)

Жоба: Интеграцияланған жоспарлау жүйесі (ИЖЖ)

Жоба демеушісі: Мадиев Ж.Х. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жоба директоры: Нұрпеисова А.К. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің 1-ші деңгейдегі Бас меңгерушісі.

Жоба жетекшісі: Сұлтанбек М. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының 1-ші деңгейдегі Бас меңгерушісі.

Жоба мақсаты:

Жоспарлау және болжау процессін барлық кезеңдерде жетілдіру, жоспарлаудың барлық деңгейлеріне желі деңгейінен корпоративтік деңгейге дейін әсерін тигізетін, яғни сұранысты анықтаудан және өндірістік жоспарлаудан стратегиялық қаржы көрсеткіштерін бекітуге дейін және жоспарлаудың барлық үш жиегіне дейін (стратегиялық (>5 жыл), орта мерзімді (1-5 жыл) және жедел <=1жыл).

Жоба сипаттамасы:

Жоба жоспарлау әдіснамасын өзгертуге бағытталған. Болжамды жасау үшін қолмен деректерді жинаудың орнына заманауи математикалық модельдер мен АТ-дың болжау және оңтайландыру құралдары пайдаланылады, бұл жоспарлау процесіне қатысатын барлық бөлімшелердің жоспарларын одан әрі біріктіру мүмкіндігін береді.

Жоспардың егжей-тегжейлері теміржол бағытының деңгейіне және пойыз қозғалысын, жоспарлау кезеңдеріне локомотивтерді, пойыз учаскелерінің операциялық параметрлерін, жүк және жылжымалы құрамның түрлерін, көлік қозғалыстары мен қозғалыс режимдерін және станцияның қуаттылығын есепке ала отырып, өзгертіледі.

Өзгерістер кәсіпорындардың ұйымдық құрылымына, кадрларға қойылатын біліктілік талаптарына және оқытуға әсер етеді.

Іске асыру тиісті функционалды көлемді енгізумен ұйымдық көлемге бөлінген толқындарда орын алады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2020 жж.

Жоба периметрі: «ҚТЖ» ҰК» АҚ - Корпоративті центр, «ҚТЖ - Жүк тасымалдау» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральды желі дирекциясы».

Жоба пайдалары: Қаржылық пайда қарастырылған.

Сапалы пайдалары:

  • Болжамдардың дәлдігін арттыру;

  • Егжей-тегжейін арттыру;

  • Болжау жылдамдығын арттыру;

  • Болжауда түрлі сценарийлерді құрастыру мүмкіндігі.