Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қызметкерлерді өз еңбегінің нәтижелерін жақсарту процесіне тарту

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияның қызметін сапалы өзгертуге бағытталған бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бағдарламаның мақсаттары мен нәтижелері туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының директоры Дина Медеубаевамен әңгімелестік.

- Дина Ислямқызы, көлік саласының мемлекеттік және жеке секторында, Қазақстан темір жолының әртүрлі позицияларында жұмыс істеп, сіз қазіргі сәтте компанияның бас жобалық менеджері бола отырып, сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалына басшылық етесіз. Бизнесті трансформациялау бағдарламасының қандай ерекшеліктерін атап өте аласыз?

- Менің жолым әртүрлі, бірақ көлік саласына адал. Мен үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жаңа міндет, ҚТЖ үшін ғана емес, кез-келген заманауи компания үшін де прогрессивті және өзекті болып табылады.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Трансформация бағдарламасын іске қосты. Бұл Қорға кіретін ұлттық компаниялардың трансформациясының басы болды.

Әрине, кез келген реформаның жолы әрдайым оңай емес, табиғаты бойынша адам бірден өзгерістер қабылдай алмайды. Бірақ қазіргі әлем белсенді түрде өзгеруде, эволюция деңгейі өте жоғары. ҚТЖ динамикалық бәсекелестік кезеңінде, жаһандық цифрландыру және автоматтандыру дәуірінде өмір сүріп келеді, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және біздің салада көшбасшылықты сақтау үшін біз нарықтың өзгеруіне уақтылы жауап беретін компания болуымыз керек.

Трансформация тек компанияның мықты жағын ғана емес, белгілі бір стратегиялық мақсаттарға жету үшін мүмкіндіктер ашады. Бұл «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметінде маңызды қадам болып табылады, бұл компанияның үздіксіз саналы жақсару қажеттілігін түсінуді кристаллдайды.

- Қазіргі күнде Бағдарлама қандай маңызды нәтижелерге жетті?

- Өздеріңіз білесіздер, Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады. Басталған кезден бастап 2 жыл ішінде - «Дайындық» және «Диагностика және Дизайн» кезеңдерінде дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт ішінде компанияның прцессті моделі қалыптастырылды, негізгі көрсеткіштері бекітілді, жаңа ИТ-архитектурасы жасалды. Бұл нәтижелер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясында көрініс тапты.

2017 жылы Бағдарлама «Іске асыру» кезеңін бастады. Жобалық қызметте «жол картасы» деп аталатын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қаржылық және сапалық маңызды нәтижелер анықталды. Жобалардың жоспарлары мен мақсаттары, олардың мерзімдері мен пайдалары жасалды, жобалық құжаттама «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ орталық трансформациялық командасы ұсынған әдіснамаға сәйкес келтірілді.

2017 жылдың басынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тәуелсіз құрылымдық бөлімше «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы құрылды, бұл бағдарламаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін компанияның жоғары ұмтылысын білдіреді.

Соңғы индустриалды өзгерістер ҚТЖ-да инфрақұрылымның өмірін қамтамасыз ететін заманауи интеграцияланған жоспарлау жүйесін құру қажеттілігін түсінуге әкелді. Осылайша, «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы шеңберінде компания бөлімшелеріндегі әртүрлі активтердің мақсатты түрде жіктелуін және тағайындалу бойынша пайдалануын талап етеді. 2017 жылы 9,2 млрд. теңгеге тасымалдау процесінде пайдаланылмаған өндірістік активтерді жалға беру, іске асыру туралы шарттар жасалды. Бұдан басқа, жобалық топ жұмысының нәтижесінде GE Transportation локомотивтеріне қызмет көрсету туралы шарттар ҚТЖ үшін қолайлы түрде қайта қаралып, жасалды.

«Маркетинг және сатудың жаңа моделін енгізу» жобасы шеңберінде «KTZ Express» АҚ-да үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес маркетингтік функциясы жасалды. Жаңа ережелерді қолдану негізгі мультимодальды оператордың көліктік-логистикалық қызметтер үшін тендерлерге қатысуын арттырды, бұл 1,7 млрд. теңгеге қаржылық пайда әкелді.

- Дина Ислямқызы, трансформацияның мақсаты – ауқымды автоматтандыру, бұл қызметкерлердің қысқартылуына әкелуі мүмкін деген пікір бар.

Трансформацияның барлық жобалары компанияның операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған, негізгі бөлігі автоматтандыруды қамтиды. Автоматтандыру логикалық түрде дұрыс салынған процестерді аяқтайтынын, бірақ Бағдарлама үшін негізгі мақсат еместігін атап өту маңызды.

Процесті қайта құру және автоматтандыру нәтижесінде жұмыс сапасына қойылатын талаптар өзгереді. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлерді өз жұмысының нәтижелерін жетілдіру процесіне тарту және нәтижесіз жұмысын азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобалар өздерінің негізгі міндеттерін шешумен қатар, қазіргі корпоративті басқару мәдениетімен жобалық менеджментінің дағдыларын интеграциялауға жағдай жасайды және одан әрі жетілдіруге негіз қалайды.