Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ жаңа тәсілдерді қолдану арқылы жоспарлау үдерістерін жақсартады

ҚТЖ жаңа тәсілдерді қолдану арқылы жоспарлау үдерістерін жақсартады

Бизнесті трансформациялау Бағдарламасын іске асыру аясында «Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасы бойынша жұмыс барысында жобалық топ пен бизнес өкілдерінің қатысуымен қозғалысты оңтайландыру моделін жобалау тәсілдерін талқылау бойынша кездесу өтті.

БЖЖ жобасының мақсаты нарықтық жағдай өзгерген немесе инвестициялық жобаларды жоспарлаған кезде сценарийлік талдау жүргізу мүмкіндігімен экономикалық, қаржылық, өндірістік және технологиялық көрсеткіштердің оңтайлы жиынтығын қолдану арқылы жоспарлау үдерісін барлық кезеңдерде жетілдіру болып табылады.

Бұл кезеңде жүйе шығындарды есептеу логикасын сынауға дайын және әзірлеушілер жағынан ғана емес, жүйенің болашақ соңғы пайдаланушылары жағынан да ерекше назар аударуды қажет етеді. Келесі жылы жобаны іске асырудың «бірінші толқыны» аясында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ орта мерзімді жоспарлау циклында жүйені пайдалану жоспарланып отыр.

Жобаның нәтижелеріне қол жеткізуде ГП қызметкерлерінің қолдауы және белсенді қатысуы маңызды рөл атқарады. Кездесуге эксплуатациялық жұмыстарды индикативті жоспарлау департаментінің директоры Григорий Бирюков, отын және энергетика ресурстарын реттеу және бақылау департаментінің директоры Егор Лесных, тасымалдау процесін модельдеу департаментінің директоры Гүлнар Таласпаева және басқа да HR, поездарды эксплуатациялау департаментінің, сондай-ак «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифровизация дирекциясы» филиалының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында барлық өндірістік процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, модельдің көптеген мүмкіндіктері мен оның дұрыс құрылысы талқыланды.

«Біз БЖЖ енгізілген кезінде жоспарлау әдіснамасы өзгеретін болады деп үміттенеміз. Болжамды дайындау үшін деректерді қолмен жинаудың орнына жоспарлау процесіне қатысатын барлық бөлімшелердің жоспарларын одан әрі біріктіру мүмкіндігімен қазіргі заманғы математикалық модельдер мен болжау және оңтайландырудың IT-құралдары пайдаланылатын болады. Бұл жоспарлау мен бюджеттеу үдерісін икемді етуге, сондай-ақ тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының мүдделерін есепке ала отырып, эксплуатациондық көрсеткіштерді болжау жасауға мүмкіндік береді. БЖЖ жүйесі жоспарлаумен айналысатын қызметкерлер санының қысқаруын білдірмейді, неғұрлым егжей-тегжейлi жоспарлау және әртүрлi сценарийлердi модельдеу үшін құрал ретiнде қызмет етедi деп айта кету керек», - деді кездесудің соңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ индикативті жоспарлау департаментінің директоры Григорий Бирюков.

Табысты ынтымақтастықтың нәтижелері бойынша келесі жылдың басында компания басшылығы ең төменгі шығындардың жолдарын салу, сондай-ақ баламалы альтернативті бағыттарды анықтау үшін БЖЖ жүйесін пайдалана алады.

БЖЖ моделін дамытудағы келесі қадам жаңа жақсартылған жоспарлау үдерістеріне көшу болып табылады, бұл тек тасымалдауды жоспарлау функционалдығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар стратегиялық шешімдер қабылдау үшін уақытты едәуір қысқартады.