Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ SAP компаниясының ірі іс-шарасына қатысты

ҚТЖ SAP компаниясының ірі іс-шарасына қатысты

Қазақстан Темір Жолы трансформация тобы Нұр-Султан қаласында ағымдағы жылдың 30 мамырында өткен SAP NOW Kazakhstan форумына қатысты.

SAP NOW Kazakhstan 2019 кезеңінде, SAP клиенттері, серіктестері мен сарапшылары бір қадам алда болуына қандай технологиялық шешімдердің көмектесетіндігін және озық технологияларды пайдалана отырып, шын мәнінде Зияткерлік кәсіпорынды қалай құруға болатынын айтты.

Форум барысында өткізілген «Өндіріс және активтерді басқару» панельдік сессиясында және баспасөз конференциясында ҚТЖ өкілдері SAP HANA платформасында іске асырылатын «Біріктірілген жоспарлау жүйесі» трансформациялау бағдарламасының жобасы туралы егжей-тегжейлі айттып берді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты жоспарлау және болжау үдерісін 1 жылдан 5 жылға дейін жылдық және орта мерзімді жоспарлауға әсер ететін барлық кезеңдерде, яғни сұранысты анықтаудан және өндірістік жоспарлаудан бастап стратегиялық қаржы көрсеткіштерін бекітуге дейін кезендерде жетілдіру болып табылады. Жоба машиналық оқыту, үлкен деректерді талдау және болжамды аналитика технологияларына негізделген көліктік-логистикалық саласына арналған және жоспарлау үдерісін автоматтандыруға бағытталған инновациялық және тиімді шешім болып табылады.

Болжау үшін қолмен деректер жинауды нақты деректерге негізделген нақты уақыт режимінде шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін болжаудың, оңтайландырудың және заманауи математикалық модельдердің АТ құралдарымен ауыстыру жоспарлануда

Осылайша, жүйе корпоративтік пайдаланушыларға кез-келген уақытта деректерге қол жеткізуге, орта мерзімді жоспарлардың сценарийлік талдауларын жүргізуге және әр түрлі деңгейдегі инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, БЖЖ KPI бойынша күтулерін және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның оларға сәйкес болу мүмкіндіктерін үйлестіруді қамтамасыз ете отыра, акционермен қарым-қатынас құруға көмектеседі.

Жаңалықтар