Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ТЖҚ-ны қамтамасыз ету үшін бизнес-процесстерді оңтайландыру» жобасы бойынша орнату жиналысындағы баспасөз хабарламасы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Трансформация бағдарламасының командасымен іске асыратын «ТЖҚ-ны қамтамасыз ету үшін бизнес-процестерді оңтайландыру» жобасын іске қосты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалық етуімен орнату жиналысы өтті. Іс-шараға компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

Компания президенті «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін сатып алу қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында жобаның маңыздылығын атап өтті.

- Осы жобаның нәтижесінде біз өндірісті қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтермен сапалы және уақытылы қамтамасыз етуді күтеміз », - деп атап өтті Қанат Алпысбаев.

Жобаның демеушісі болып табылатын корпоративтік қолдау жөніндегі вице-президент Эрик Имашев жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айта отырып, оны жүзеге асырудың сәттілігіне сенім білдірді.

Нәтижесінде компанияның басшылығы құрылымдық бөлімшелерге, еншілес және тәуелді ұйымдардың басшыларына өз бөлімшелеріндегі жобаға жауапты тұлғаларды белгілеуді, сондай-ақ жобаның іске асырылу процесіне белсене қатысуға тапсырма берді.