Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Консультативтік Кеңесті трансформация барысы туралы хабардар ету

Консультативтік Кеңесті трансформация барысы туралы хабардар ету

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік Кеңесінің отырысына қатысты, оның барысында «Цифрлық трансформациялау» Бағдарламасын (Бағдарлама) іске асыру туралы есеп тыңдалды.

Функционалды шешімдер бөлімінің басшысы Татьяна Суслова Бағдарламаны іске асырудағы негізгі өзгерістер туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Компанияның даму Стратегиясын іске асыруға, соның ішінде Компанияның тиімділігін арттыруға бағытталған 13 бастама ұсынылды. Сондай-ақ, өз кезегінде стратегиялық бастамаларды іске асыруға бағытталған Бағдарлама жобаларының портфелі ұсынылды.

Сонымен қатар, «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» және «Кәсіпорындарды басқарудың негізгі процестерін реинжинирингтеу және автоматтандыру» жобасының жетекшілері Арнур Кәрібаев пен Бауыржан Бейсенбин отырыста Консультативтік Кеңес мүшелеріне жобалардың барысы туралы, атап айтқанда, жобалардың мақсаты, міндеттері, жорамалдары және күтілетін нәтижелері туралы хабарлады.

Қорытындылай келе, Консультативтік Кеңес Компанияның тиімділігін арттырудағы Бағдарламаның маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың сапасын жақсартуға арналған бірқатар ұсыныстар берді.