Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ТҚКжЖ - Сенімділік бағдары

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау шеңберінде  өндіріс активтерін басқарудың бірыңғай моделін құруға бағытталған «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын басқарудың жаңа моделін енгізу (ТҚКжЖ)» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев компанияның физикалық нәтижелері қазірдің өзінде байқала алатын ірі жобалардың бірі болған жоба жайлы айтып береді.

Батыр Қуанышұлы, салалық баспа басылымындарда сіз өткен жылы компанияның техникалық саясаттың дамуында маңызды кезең болды деп айттыңыз. Сіздің пікіріңізше, бұл трендтің дамуында «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» («ТҚКжЖ») жобасы енгізген үлесі болды ма?Бұл жоба Қазақстан темір жолы техникалық саясатына қалай әсер етті?

- Бұрын айтып өткенімдей, «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы мемлекеттің теміржол индустриясының өндірістік және техникалық әлеуетін дамыту бойынша міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Сол сияқты, техникалық саясат тұжырымдамалары шеңберінде, оның бір бөлігі активтерді басқару саясаты болып табылады. Бұл саясат активтерді басқару мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және ISO 55001 Asset Management халықаралық стандартының талаптарына негізделген. Бұл саясатты жүзеге асыру бизнес-процестерді және жүйенің ұйымдық құрылымын өзгерту арқылы жүзеге асырылады және өндірістік активтерді басқару жүйесін функционалдауды қамтамасыз ететін жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстары жүйесінен тәуекелді-бағытталған басқаруға дәйекті өтуге, сондай-ақ негізгі процесстерді автоматизациялауға бағытталған.

ТҚКжЖ жобасын іске асыру жұмыстың құрылуынан және сатып алу және жұмысты қорытындылауға дейінгі этапта активтердің өмірлік циклында өндірістік активтерді басқару тәсілін өзгертуде маңызды қадам болып табылады.

Қазіргі уақытта жоба іске асыру кезеңіне енді: негізгі қызметке қатыспайтын өндірістік активтерді оңтайландыру бойынша нәтижелер бекітілді, МЖД ТҚКжЖ бар және мақсатты процесстерінің салыстыру анализі жасалды, сондай-ақ қызмет көрсететін ұйымдардың басқару құжаттары әзірленді.

- Бұрын сіз жобаның «жылдам жеңісіне» назар аудардыңыз. Жоба осы жеңістерді әкелді ме?

- «Жылдам жеңістер» туралы айта отырып, компанияның өндірістік активтерінің портфолиосын оңтайландыру бойынша жасалып жатқан үлкен жұмыстар туралы айта кету керек.

- Жобалық топ, компанияның құрылымдық бөлімшелерімен бірге, пайдаланылмаған активтерді анықтау ережелерін әзірледі, оларды оңтайландыру үшін тізім жасалды және жұмыс жүргізілді. Жасалған анализ бойынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральді желі дирекциясы» филиалында, «ҚТЖ - Жүк тасымалы», «Жолаушылар тасымалы» және «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамында осы секілді 7,2 мың активтер анықталды. Осылайша, оңтайландыру бойынша жұмыстардан экономикалық пайдалар 2018 жылдың соңына дейін күтілген соммадан 2 млрд. теңгеге асып түсті және 9,2 млрд. теңгені құрады, бұл іске асырылып жатқан жобаның маңыздылығын көрсетті.

Сондай-ақ «Жылдам жеңістер» тақырыбын жалғастыра отырып, сервистік ұйымдардың қызметтерін басқару тәсілдерін әзірлеуде маңызды жетістіктерге қол жеткіздік. Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында Қазақстан темір жолы және GE Transportation компаниясы «General Electric Evo» 175 локомотивіне қызмет көрсету және қолдау бойынша 18 жылдық келісімге қол қойды. SLA келісімдері бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру шарты үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңадан жасалған қызмет көрсету туралы келісім болып табылады. Жобалық топтың аналитикалық деректеріне сүйене отырып, Қазақстан темір жолы басшылығы GE Transportation компаниясымен бірқатар кездесулер өткізді, онда жаңа келісімде қызметтестік қатынастарының тиімділігін арттыру бойынша оң өзгерістер енгізілді. Келісім шартындағы өзгерістердің экономикалық әсері 19 жыл ішінде 9 млрд. теңгеден асады.

Батыр Қуанышұлы, іске асырылатын жоба пайдаланушыларға - Қазақстан темір жолы компаниялар тобының барлық дерлік өндірістік персоналын айтарлықтай қамтиды. Бұл- өте ауқымды жұмыс. Жобаның жоспарында ол қалай көрсетілген?

- Өндірістік активтерді басқарудың бірыңғай жүйесін құру және енгізу компания қызметкерлерінің тиісті біліктілігін қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді тиісті оқытуды, олардың ең тиімді әдістерін және құралдарын пайдалануды үйрету қажет.Бұл жағдайда ТҚКжЖ процестерін қолдайтын автоматтандырылған жүйеде кадрлар даярлау ерекше рөл атқарады. Жоба командасы қызметкерлерді оқыту тұжырымдамасын әзірлейді, ол мақсаттарды, оқыту әдістерін және тәртібін көрсетеді.

Бұдан басқа, компания қызметкерлері үшін ТҚКжЖ процестерін автоматтандыру жүйесін енгізу кезінде қажетті инфрақұрылымды жедел ұсыну үшін жағдайлар жасалады. Компанияның жұмыскерлерін оқытудың жаңа әдістерін жасау және олардың одан әрі өзіндік дамуы жобаның табысты болуының ұзақ мерзімді перспективада ажырамас бөлігі болып табылады.