Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Ақтөбе мен Атырау қалаларында инфокүндер өтті

Ақтөбе мен Атырау қалаларында инфокүндер өтті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы өкілдері 2019 жылдың 28 және 29 тамызында Ақтөбе және Атырау қалаларында «Сандық трансформация» бағдарламасы «Кәсіпорындарды басқарудың негізгі процестерін қайта құру және автоматтандыру» жобасының аясында бірқатар инфокүндер жүргізді. Іс-шараға НЖС-11 және НЖС-13 қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар ПЧ, ШЧ және ЭЧ құрылымдық бөлімшелерінің 94 қызметкерлері қатысты.

Инфокүндерді өткізудің мақсаты НЖС-11 Ақтөбе, НЖС-13 Атырау қызметкерлеріне Цифрлық трансформация бағдарламасындағы бірқатар өзгерістер туралы, магистральдық желі құрылғыларына техникалық қызмет көрсетудегі өзгерістер мен күтілетін жақсартулардың қажеттілігі және техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестеріндегі өзгерістер туралы ақпарат беру болып табылды.

Бағдарламаны басқару бөлімінің бас менеджері Айдос Айшиков Бағдарламаны іске асырудағы тәсілдердің негізгі өзгерістерімен таныстырды. Атап айтқанда, Бағдарламаның жарғысы мен құрылымы жаңартылды, Бағдарламалық комитет құрылды және жобалық құжаттама оңтайландырылды.

Сонымен қатар, трансформация қызметкерлері қатысушыларды SAP PM автоматтандырылған жүйесінің функционалдығымен, мүмкіндіктерімен, SAP PM автоматтандырылған жүйесіне арналған активтер базасын құру үлгісін толтыру қағидаларымен таныстырды.

Келесі инфокүндер ағымдағы жылдың қазан айында НЖС Маңғыстау және НЖС Қызылорда аймақтарында өткізілетін болады.