Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасының шеңберінде семинар»

«Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасының шеңберінде семинар»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Сандық трансформация» бағдарламасының «Біріктірілген жоспарлау жүйесі» (БЖЖ) жобасы шеңберінде маркетинг және транзиттік саясат Департаментінің және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдауларының маркетинг Департаментінің негізгі пайдаланушыларымен бірге SAP HANA негізіндегі «Жүк тасымалдарына деген сұранысты болжау» БЖЖ модулінде жұмыс істеу бойынша қолданбалы семинар өткізілді.

Бұл іс-шара «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерін автоматтандырылған жоспарлау жүйесінде жұмыс істеу бойынша ақпараттандыруға және оқытуға бағытталған.

Семинарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифровизация дирекциясы» филиалының жоба командасы және «SAP Kazakhstan» ЖШС жүргізді. Сарапшылар жүйенің, атап айтқанда жүйенің модульдерінің бірі «Жүк тасымалдарына деген сұранысты болжау» қалай жұмыс істейтінін көрді.

Бұл модуль БЖЖ жүйесіндегі үлкен деректерді (big data) және машиналық оқыту технологияларын қолдану арқасында әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштермен (ішкі жалпы өнім, өмір сүру деңгейі, жүк номенклатурасы өндірісінің деңгейі және т.б.) тауарларды тасымалдауға арналған тарихи деректердің мультиколлайнарлы тәуелділігін талдауға, алынған деректер негізінде келесі 5 жылға талдауға және есептік болжау жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, келесі жылдарға түрлі номенклатуралар мен хабарламалар түрлерінің контексінде көлем мен айналым түрінде жүк тасымалдаудың болжамды моделі жасалады.

Сондай-ақ, семинар барысында SAP Solution Management негізіндегі инциденттерді басқару жүйесі және БЖЖ функцияларын толықтыратын SAP Business Objects негізіндегі аналитикалық есеп беру жүйесі ұсынылды.

Жаңалықтар