Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Сатып алуды санатты басқару» жобасы-Жүк вагондардын жөндеу

«Сатып алуды санатты басқару» жобасы-Жүк вагондардын жөндеу «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «Сатып алуды санатты басқару» жобасы арқылы «Қазтеміртранс» АҚ-ның шамамен 184 млн. теңге көлеміндегі қаражатына үнемділік жасалды.

Бұл нәтиже 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлеріне жұмысты сатып алуда пайдаланылатын «Жүк вагондарын жөндеу» санатындағы бастаманы іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді.

«Сатып алу басқа ҚТЖ бөлімшелерімен тығыз байланыста және компанияның қаржылық көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Жобаның командасымен кең ауқымды жұмыс жасалды және бұл жұмыс оң нәтижелер беріп жатыр», - деп Жобаның демеушісі - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі Вице-президенті Ерік Имашев өз пікірімен бөлісті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Қазтеміртранс» АҚ - Қазақстан Республикасында жүк вагон паркінің ірі иегерлерінің бірі. Компанияның басты міндеті вагондарды жақсы жағдайда ұстау болып табылады, ол үшін жыл сайын айтарлықтай қаржы бөлінеді.

«Санатты стратегияның жүзеге асырылуының арқасында жүк вагондарын жөндеу қызметтерін сатып алу аймақтық деңгейде вагон жөндеу депосын таңдауды ескере отырып жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде әлеуетті өнім берушілер қатарын кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ вагондарды қайта бөлу шығындарын барынша азайту есебінен үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының бас менеджері – «Жүк вагондарын жөндеу» сатып алу тобының санатты менеджері Абдирова Айнұр.

«Біз «Санатты сатып алу» жобасы бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз, ол физикалық нәтижелер беріп жатыр», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Сатып алуды үйлестіру және мониторинг жасау Департаментінің директоры - Жоба жетекшісі Қанат Камалов.

«Жүк вагондарын жөндеу» категориясы бойынша сатып алуды өткізбес бұрын отандық вагон жөндеу кәсіпорындарымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды, олар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өзара тиімді ынтымақтастықтың бұдан арғы жоспарлары талқыланды.

Санатты стратегияны іске асыру жөніндегі жұмыс бекітілген жоспарларға сәйкес жалғасады.