Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

SAP Predictive analytics бағдарламасында қызметкерлерді оқыту

SAP Predictive analytics бағдарламасында қызметкерлерді оқыту

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы командасы Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес компанияларының қызметкерлері үшін SAP Predictive Analytics бағдарламасымен таныстыру тренингін өткізді.

«ҚТЖ» ҰК АҚ филиалы - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының «Интеграциялық жоспарлау жүйесі» жобасының жетекшісі Сұлтанбек Мадияр SAP кеңесшілері және тобымен бірлесіп, қызметкерлерге сандық кәсіпорынды қалыптастыруға бағытталған болжау талдамасы саласындағы ең озық тәжірибелер туралы хабарлады.

SAP Predictive Analytics - бұл өзара әрекеттесудің барлық нүктелерінде (бизнес-үдерістер мен қосымшаларда) болжау нәтижелеріне қол жеткізуге және модельдердің өмірлік циклін автоматтандырумен бірге қажетті мөлшерде машиналық оқытуды пайдалана отырып, сапалы болжамдар жасауды жылдам болжауға мүмкіндік беретін болжамдық аналитика үшін бағдарламалық жасақтама.

 Оқыту барысында бизнес-үдерістерге кіріктіруге болатын, сондай-ақ пайдаланушыларға жасырын заңдылықтарды көруге және дәлелді шешімдер қабылдауға көмектесетін болжамды модельдеу нәтижелерін визуалды түрде ұсынуды қамтамасыз ететін күрделі болжау модельдерін құрастыру бойынша SAP Predictive Analytics қызметінің функционалдық ерекшеліктері көрсетілді.

Оқытудың қатысушылары аталған бағдарламада тәжірибиелік тапсырмаларды дербес орындауға мүмкіндік алды.

«Қазіргі аналитикалық бағдарламалармен жұмыс істей білу Компания қызметкерлеріне болжамдық көрсеткіштер мен модельдерді әзірлеудің жылдамдығын және сапасын айтарлықтай жақсартуға,  сондай-ақ басқару шешімдерін едәуір икемді етуге мүмкіндік береді», - деді Сұлтанбек Мадияр.