Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

SAP өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлеріне SAP CRM шешімін көрсетті

SAP өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлеріне  SAP CRM шешімін көрсетті

Ағымдағы жылдың шілде айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасының «Маркетинг пен сатудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру шеңберінде мамандардарды SAP CRM клиенттермен өзара әрекеттесуді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің шешімдері жайлы оқыту өткізілді.

Семинар барысында үш модуль бойынша процестерді басқару қарастырылды - «сату», «маркетинг» және «қызмет көрсету».

CRM жүйесін енгізудің негізгі мақсаттары маркетинг және сату бөлімшелерінің қызметіндегі ашықтықты арттыру, клиенттер туралы білім базасын сақтау, қызмет көрсету сапасын жақсарту және клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

«Бағдарламалық өнім CRM - бұл компания қызметкерлерін, менеджментін, клиенттерін процестер мен технологиялар циклына біріктіруге мүмкіндік беретін шешім, оның негізінде клиенттермен өзара қарым-қатынасты тиімді басқару жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді жоба директоры Диас Искаков.

CRM компанияның әрбір клиент туралы толық және заманауи мәліметтерін қамтитын компанияда бірыңғай ақпараттық кеңістік құру мүмкіндігін береді.

Жалпы, «KTZ Express» АҚ коммерциялық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін қолданыстағы және жоспарланған АТ инфрақұрылымына негізделген маркетингтік және сату процестерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспарланған өзгерістер бәсекелестік ортаны және әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, «KTZ Express» АҚ-да коммерциялық функцияларды құруға мүмкіндік береді.