Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

SAP EHSM платформасына негізделген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік менеджментінің жаңа моделін енгізу (KTZ.SM-1)» жобасы шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік процестерін автоматтандыру бойынша жиналыс туралы пресс-релиз

SAP EHSM платформасына негізделген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік менеджментінің жаңа моделін енгізу (KTZ.SM-1)» жобасы шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік процестерін автоматтандыру бойынша жиналыс туралы пресс-релиз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндіріс қауіпсіздігі және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаровтың төрағалық етуімен «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасының шеңберінде өндірістік қауіпсіздік процестерін автоматтандыру бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да кеңес өтті.

Кездесу барысында жобалық топ жобаның «Іске қосу» және «Жоспарлау» алғашқы екі кезеңін аяқтады және қазіргі уақытта жоба «Іске асыру» белсенді кезеңінде.

Осы фаза шеңберінде SAP EHSM технологиялық платформасында өнеркәсіптік қауіпсіздік процестерін автоматтандыру қарастырылған.

«Әріптестер, біз кеңесшілермен бірлесіп, SAP жүйесін өнеркәсіптік қауіпсіздік процестеріне орнату және мөлшерлеу бойынша жұмыс жасаймыз.

Негізгі міндеттер: әртүрлі ақпараттық ағындарды өнеркәсіптік қауіпсіздік процестерін басқару, әлеуетті тәуекелдерді анықтау және оларды барынша азайту, есеп формаларын тез құрастыру және онлайн тәртібінде қауіпсіздік көрсеткіштерін бақылау үшін бірыңғай жүйеге біріктіру», - деп атап өтті жобаның демеушісі.

Сонымен қатар, Ақболат Жағыпаров жиналысқа қатысушыларды жобаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды, сондай-ақ жоғары басымдылықты атап өтті.

Өз кезегінде, SAP Consulting компаниясы жобаны іске асыруға қатысатын мүдделі тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жобаның негізгі сарапшыларын ұсынды және жобаның функционалдық ауқымын жариялады.