Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Павлодар НЖС-3 құрылымдық бөлімшелерінде «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу (ТОиР)» жобасы шеңберінде ТОиР процессерін орындалу жағдайы туралы объективті ақпарат жинау және зерттеу бойынша пресс-релизі

Павлодар НЖС-3 құрылымдық бөлімшелерінде «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу (ТОиР)» жобасы шеңберінде ТОиР процессерін орындалу жағдайы туралы объективті ақпарат жинау және зерттеу бойынша пресс-релизі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу (ТОиР)» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба өндірістік активтерді бүкіл өмірлік циклда тиімді басқаруды жетілдіруге бағытталған.

Ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында Бас инженер Батыр Котыревтың төрағалық етуімен магистральдық теміржол желісін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша техникалық аудит жүргізу үшін Екібастұзға және Павлодар станцияларына сапар ұйымдастырылды.

Жобаны іске асыру шеңберінде техникалық аудит «ҚТЖ» ҰК» АҚ кеңес беретін DB Engineering & Consulting компанияларының өкілдерімен бірлесе отырып өткізілді. Аудит Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне кіретін жол дистанциясы, сигнализация дистанциясы, электрмен қамту дистанцияларын қамтыды.

Аудит кезінде ТОиР процестерін ұйымдастыру және басқару бойынша, магистральдық желі дирекциясы өндірістік департаменттерімен және магистральдық желі бөлімі арасындағы өзара әрекеттесу бойынша бірқатар проблемалық мәселелерін анықтады. Аудиттің нәтижелері ТОиР Стратегиясын актив түрлері бойынша әзірлеуге, ішкі нормативтік құжаттамалар әзірлеу кезінде, ТОиР процестерін автоматтандыру кезінде қолданылатын болады.

Қорытынды жиналыста құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне іске асырылып жатқан жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірілді, сондай-ақ ТОиР жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқыланды.