Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының бизнесін модернизациялау және трансформациялау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

2019 жылғы 7 қазанда Қоғам Басқармасының Төрағасы С.М.Мыңбаевтың басшылығымен Бизнесті модернизациялау және трансформациялау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Іс-шараға «СамрұқҚазына» АҚ және «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ өкілдері қатысты.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ копоративтік мәселелер және HR жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Абденов «Цифрлық трансформация» бағдарламасының жобалары/ іс-шараларыпортфеліндегі негізгі өзгерістерімен таныстырып өтті.

Атап айтқанда, ол 4 жоба мен іс -шараның, атап айтқанда «Сатып алуды категориялық басқару» және «Тасымалдау құжаттарын өңдеудің қағассыз технологиясын енгізу» жобаларының, сондай-ақ «Бейінді емес қызмет түрлерін және оларда қолданылатын активтерді жобаға дейінгі тексеру» және «Достық - Жезқазған - Илецк теміржол дәлізінмодернизациялау бойынша жобаға дейінгі тексеру» іс-шараларының аяқталғандығы жөнінде баяндады.

Жалпы алғанда, жаңартылған портфельге Компанияның 2029 жылға дейінгі Даму стратегиясының бастамаларына сәйкес келетін және қаржылық тұрақтылықты, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған 60 жоба/іс -шара кіргізілді.