Темір жолдың Павлодардағы бөліміндегі ТҚҚЖ мақсатты үрдістеріне оқыту

Темір жолдың Павлодардағы бөліміндегі  ТҚҚЖ мақсатты үрдістеріне оқыту

Компанияның бизнесті трансформациялау Бағдарламасының «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын жүзеге асыру шеңберінде темір жолдың Павлодардағы бөлімі (НЖС-3) пилоттық учаскесінде 2018 жылғы 11-12 желтоқсан аралығында мамандарды темір жол инфрақұрылымын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жана бизнес-үрдістерге оқыту өтті. 

Оқыту барысында жоспарлау, орындауды бақылау және көрсеткіштерді талдаудың ағымдағы үдерістері мен мақсатты үдерістері арасындағы негізгі айырмашылықтар қарастырылды, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (SAP PM модулі) іске асырылуы осы үдерістерге қалай әсер ететіндігі талқыланды. Жоба шеңберінде әзірленген ТҚҚЖ стратегиясы, мақсатты ұйымдастыру құрылымы, әдіснамалар мен ережелер қаралды және талқыланды. Тәжірибелік мысалдарда ТҚҚЖ оқиғаларын жоспарлау, ТҚҚЖ тәуекеліне бағытталған тәсіл, активтер және нормативтер базаларын басқару әдістері, активтерді жіктеу әдістері, шаруашылық әдіспен немесе аутсорсингпен жұмыстарды қалай орындау керектігін анықтайтын нұсқаулықтар сияқты тақырыптар талданды.

Сондай-ақ, жаңа үрдістерге оқыту шеңберінде негізгі пайдаланушылар ТҚҚЖ саласындағы бизнесті трансформациялау жобасының негізгі бағыттары туралы білім алды, жобаның аяқталған қадамдарын және келесі жылға жоспарларды талқылады.


 

Табысты өзгерістердің маңызды шарты болып табылатын ТҚҚЖ жобасын іске асыру кезеңінде оқыту НЖС-3 пилоттық учаскесінің негізгі пайдаланушыларын мақсатты ТҚҚЖ үрдістерін енгізуге дайындауға мүмкіндік береді. Негізгі пайдаланушылар, өз кезегінде, өз құзыреті шегінде одан әрі енгізу барысында соңғы пайдаланушыларды қолдайды.