Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқаруды жетілдіру жобасын іске асыру бойынша Казатомпромдағы әріптестерімен тәжірибе алмасу

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқаруды жетілдіру жобасын іске асыру бойынша Казатомпромдағы әріптестерімен тәжірибе алмасу

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Казатомпром» ҰАК» АҚ жобалық топтары өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.


Казатомпром бас кеңсесіндегі кездесу барысында әріптестер пилоттық құрылымдарда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамыту үрдісінің ерекшеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, ҚТЖ командасына басқа еншілес ұйымдарға тираждау жоспарлары берілді.

Өз кезегінде, ҚТЖ қызметкерлері жоба барысында жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп берді: жоба «Іске асыру» кезеңінің соңында, өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру үрдісінің нәтижелігі мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «нөлдік» жарақат алу стратегиясының негізгі бағыттары» құжаты әзірленді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылардың айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару бойынша жобасын жүзеге асыру қазірдің өзінде осы кезеңде өндірісте қауіпсіздік мәдениетін арттыруды қамтамасыз етті.

Жиналысты қорытындылай келе, қатысушылар ұқсас жұмыс кездесулерін тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.