Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Клиентермен өзара әрекеттесудің жаңа деңгейі

Клиентермен өзара әрекеттесудің жаңа деңгейі

«КТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының бизнесін трансформациялау бағдарламасының «Маркетинг және сатудың жаңа моделін енгізу» жобасы аясында 2018 жылдың желтоқсанында «KTZ Express» АҚ-да байланыс орталығы жұмысын бастады.

Байланыс орталығы «KTZ Express» АҚ және «Казахтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы «KT Cloud Lab» ЖШС арасында жасалған келісім-шарт шеңберінде құрылды.

Байланыс орталығының негізгі мақсаты клиенттерге бағытталушылық деңгейін көтеру, сондай-ақ KTZ Express клиенттері үшін жоғары деңгейде қызмет көрсету болып табылады.

Қазіргі уақытта байланыс орталығында 5 оператор жұмыс істейді: 4 оператор телефон қоңырауларынан түсетін тапсырыстармен жұмыс жасайды және 1 оператор электронды пошта арқылы өтінімдерді қабылдайды. Клиенттер 9-00-ден 21-00-ге дейін байланыс орталығына хабарласа алады, орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде кеңес ала алады.

Жоба командасы KTZ Express логистикасының мақсатты үрдістері және CRM жүйесінде жұмыс істеу дағдылары бойынша оқыту жүргізді.

Алынған дағдылар кіріс қоңырауларын тиімді қабылдауға, электронды пошта және сайт арқылы клиенттерге кері байланыс және кеңес беруге, клиенттік базаны жаңартуға, өтінімдерді SAP CRM клиенттермен қарым-қатынастарды басқару жүйесінде одан әрі өндеу және маршруттандырумен түгендеуге көмектеседі.

Желтоқсан айында келесі көрсеткіштер тіркелді - 508 қоңырау қабылданды, 328 өтінім электронды почта арқылы қарастырылды.

Толығырақ ақпаратты www.ktze.kz сайтынан алуға болады немесе +7 7172 399111 байланыс орталығының нөміріне хабарласыңыз.

Жаңалықтар