Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Маркетинг және сату» жобасының шеңберінде оқыту

«Маркетинг және сату» жобасының шеңберінде оқыту

«Маркетинг және сатудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру аясында 2019 жылғы 7 маусымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы командасы «Click Intellect» ЖШС-мен бірлесе отырып, АО «KTZ Express» коммерциялық бөлімшесінің қызметкерлеріне арналған CRM жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту өткізді.

Анықтама:

Клиенттермен қарым-қатынасты басқару бойынща автоматтандырылған жүйесі (Customers relationship management, CRM - клиенттермен қарым-қатынастың барлық циклі бойынша клиенттердің адалдығын арттыра отырып, компания бизнесінің кірістілігін арттыруға бағытталған заманауи бизнес-стратегия.

Тренинг екі кезеңде өтті - теория және практика. Бірінші кезеңде коммерциялық бөлімнің қызметкерлері CRM жүйесінің қағидаларымен, атап айтқанда: жұмыс үрдісін автоматтандырумен, бюрократиялық жүйені оңтайландырумен, клиенттік портфельді құрумен, потенциалды/қолданыстағы сауда-саттықпен жұмыспен, жұмыс процесін талдау қабілетімен танысты.

Екінші кезеңде қызметкерлер CRM жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды алды. Атап айтқанда, қызметкерлер тәжірибе аясында клиенттің өтінішін өңдеді, тарифті есептеді, коммерциялық ұсыныстарты клиенттің электронды мекен-жайына жіберді.

Тұтастай алғанда, CRM жүйесінде жұмыс істеу қолмен жасалатын процестерді автоматтандыруға, клиенттердің бірыңғай дерекқорын құруға, компанияның коммерциялық бөлімшесінің жұмысын талдауға, қызметкерлердің өнімділігін арттыруға, тұтынушылармен ынтымақтастық орнатуға, клиенттердің назарын аударуға мүмкіндік береді.