Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Магистральды желі дирекциясындағы ТҚКЖ мақсатты үрдістеріне оқыту

Магистральды желі дирекциясындағы  ТҚКЖ мақсатты үрдістеріне оқыту

Компанияның бизнесті трансформациялау Бағдарламасының «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральды желі дирекциясы» филиалында 2018 жылғы 21-26 желтоқсан аралығында мамандарды темір жол инфрақұрылымын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жана бизнес-үрдістерге оқыту өтті.

Оқытуды Ernst & Young компаниясының өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры - Бас инженері Б.Қ.Котыревтың қатысуымен техникалық саясат және реттеу департаментінің, магистральдық желі дирекциясының, сондай-ақ жол, СЦБ және байланыс, электрификация және энергетика өндірістік департаменттерінің қызметкерлері үшін өткізді.

Бастапқы сөзінде Котырев Б.Қ. жаңа үрдістерді үйренудің маңыздылығын атап өтті, содан кейін мақсатты үрдістер талқыланды.

Атап айтқанда, оқыту барысында жоспарлау, орындауды бақылау және көрсеткіштерді талдаудың ағымдағы үдерістері мен мақсатты үдерістері арасындағы негізгі айырмашылықтар қарастырылды, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (SAP PM модулі) іске асырылуы осы үдерістерге қалай әсер ететіндігі талқыланды.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде әзірленген құжаттар - ТҚКЖ стратегиясы, мақсатты ұйымдастыру құрылымы, әдіснамалар мен ережелер талқыланды. Тәжірибелік мысалдарда ТҚКЖ оқиғаларын жоспарлау, ТҚКЖ тәуекеліне бағытталған тәсіл, активтер және нормативтер базаларын басқару әдістері, активтерді жіктеу әдістері, шаруашылық әдіспен немесе аутсорсингпен жұмыстарды қалай орындау керектігін анықтайтын нұсқаулықтар сияқты тақырыптар талданды.

Оқыту қорытындысы бойынша негізгі пайдаланушылар ТҚКЖ саласындағы бизнесті трансформациялау жобасының негізгі бағыттары туралы білім алды, жобаның аяқталған тапсырмаларын және келесі жылға жоспарларды талқылады.

Табысты өзгерістердің маңызды шарты болып табылатын ТҚКЖ жобасын іске асыру кезеңінде оқыту ЦЖС және магистральды желінің Павлодарлық бөлімшесі (НЖС-3) пилоттық учаскесінің негізгі пайдаланушыларын мақсатты ТҚКЖ үрдістерін енгізуге дайындауға мүмкіндік береді. Негізгі пайдаланушылар, өз кезегінде, өз құзыреті шегінде одан әрі енгізу барысында соңғы пайдаланушыларды оқытады және мақсатты үрдістер бойынша және SAP PM модуліндегі жұмыс бойынша қолдайтын болады.