Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«KEGOC» АҚ әріптестерімен тәжірибе алмаса отыра

«KEGOC» АҚ әріптестерімен тәжірибе алмаса отыра

Ағымдағы жылдың 28 тамызында «KEGOC» АҚ-ында «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «KEGOC» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері арасында техникалық қызмет көрсету және активтерді жөндеу (ТҚжЖ) сұрақтары бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс кездесуін өткізді. Сонымен бірге жұмыс жиналысына ҚТЖ-ға ТҚжЖ жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсететін SAP және Ernst&Young жетекші консалтингтік компаниялар өкілдері қатысты.

Техникалық қызмет көрсету және активтерді жөндеу саласындағы жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасуға арналған кездесуге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бас инженері - ТҚжЖ жобасының демеушісі Батыр Котырев қатысты.

Іс-шара барысында «KEGOC» АҚ-да қызмет көрсетуді басқару жүйесінің жаңа моделін енгізу бойынша табысты тәжірибесі қаралды. Жиналысқа қатысушылар өзекті мәселелерді және жобаны іске асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қосымша құралдарды талқылады. Атап айтқанда, «KEGOC» АҚ әріптестері активтердегі жіктемелеу, активтер мен нормативтер деректер қорын жүргізу, ұйымдастырушылық құрылымы, техникалық қызмет көрсету стратегиясын жүргізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан басқа, SAP PM модулінде мақсатты процестерді автоматтандыру бойынша автоматтандырылған SAP PM жүйесінде техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау, басқару есептеріндегі нәтижелерді көрсету, SAP PM-ты басқа да тиісті модульдермен интеграциялау және басқа да мәселелер қарастырылды. «KEGOC» АҚ қызметкерлері жобаның негізгі пайдаланушыларын оқытудың маңыздылығын, сондай-ақ пайдаланушылардың қызығушылығын арттыру табысты өзгерістердің маңызды шарты болып табылатындығын атап өтті.

Батыр Котырев атап өткендей, бүгінгі күні ҚТЖ-да ТҚжЖ жобасы іске асырудың белсенді кезеңінде келе жатыр. Компанияның өндірістік активтерін оңтайландыру, қолданыстағы және мақсатты ТҚжЖ процестерін салыстырмалы талдау бойынша үлкен жұмыс атқарылды, сервистік ұйымдардың қызметтерін басқаруды реттейтін құжаттар әзірленді. Техникалық қызмет көрсету және активтерді жөндеу саласындағы жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу қалаған мақсаттарға жетуге және бәсекелестік ортаны және әлемдік тәжірибені есепке ала отыра компанияларда ТҚжЖ функцияларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар жөндеудің тиімді жүйесін құру және активтерді жөндеу тақырыбы бойынша осындай байланыстарды үнемі жалғастыруға келісті.