Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«KEGOC» АҚ-мен өндірістік активтерді басқару процестерінің мақсатты моделін енгізу бойынша тәжірибе алмасу

«KEGOC» АҚ-мен өндірістік активтерді басқару процестерінің мақсатты моделін енгізу бойынша тәжірибе алмасу

Сандық трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компаниялары арасында іскерлік тиімділікті арттыру мақсатында тұрақты негізде тәжірибе алмасып отырады.

Үстіміздегі жылдың шілде айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының өкілдері «KEGOC» АҚ ұйымдастырған өндірісті басқару процестерінің мақсатты моделін енгізу тәжірибесі бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері өндірістік активтерді басқаруға арналған бизнес-процестерді жүзеге асыруда KEGOC-тың табысты тәжірибесін, атап айтқанда:

·         Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын;

·         Жобалық кезеңдерді ұйымдастыру және бақылауды;

·         Техникалық объектілердің деректер базасын қалыптастыру және жүргізуді;

·         Нормативтік-анықтамалық ақпаратты қалыптастыру және жүргізуді;

·         ТҚКжЖ жоспарлауды (жылдық, айлық, операциялық);

·         ТҚКжЖ орындалуын басқаруды;

·         мердігерлердің жұмыстарын/қызметтерін басқаруды;

·         SAP ERP PM-тың негізгі үдерістері және өндірісті басқару процестерінің мақсатты моделі арасындағы жүргізілген Fit-GAP талдау негізінде SAP ERP-дегі Z- әзірлемесін іске асыруды қарастырды.

Сонымен қатар, кездесудің қатысушылары жобаны іске асыруда ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өзекті мәселелер мен құралдарды талқылады. «ҚТЖ» ҰК »АҚ өкілдері кездесудің жемістілігі мен нәтижелілігін атап өтті.

Қатысушылар өндірістік активтерді басқару процестерін жүзеге асыру нәтижелерімен танысу үшін «KEGOC» АҚ филиалдарында сессия өткізу туралы келісімге келді.

IMG_0655.JPG