Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Кәсіпорынды басқарудың негізгі процестерін енгізу» жобасы «Қолданыстағы бухгалтерлік және салықтық есептеу процестерін жетілдіру» қосымша жобасының алғашқы жиналысының пресс-релизі

«Кәсіпорынды басқарудың негізгі процестерін енгізу» жобасы «Қолданыстағы бухгалтерлік және салықтық есептеу процестерін жетілдіру» қосымша жобасының алғашқы жиналысының пресс-релизі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Кәсіпорынды басқарудың негізгі процестерін енгізу» INT-1 жобасы бойынша бастапқы жиналыс өткізілді.

Жиналыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі Вице-президенті, жобаның Демеушісі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен, Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында Жаслан Мәдиев «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін қолданыстағы бухгалтерлік және салықтық есеп процестерін жетілдіру жобасының маңыздылығын атап өтті.

Бас бухгалтер - Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің директоры, жұмыс тобының жетекшісі Назира Әбілова жобаның негізгі міндеттері жайлы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, «INT-1» жобасының ажырамас бөлігі «Қолданыстағы бухгалтерлік және салықтық есеп процестерін жетілдіру» атты қосымша жоба болып табылады. Жобаны жүзеге асыру аясында пайдасыз шығыстарды қысқарту, ақшалай қаражаттардың қозғалысын оңтайландыру және «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қаржы есебін қалыптастыру процесін жетілдіру түрінде пайда болады деп күтілуде.

Кездесу соңында Жобаның демеушісі құрылымдық бөлімшелердің, филиалдардың және еншілес ұйымдардың басшыларына жобалық қызметті жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу және жобаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.