Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

SAP HANA-да техникалық сәулетін құруға және инфрақұрылымды жоспарлауға қызметкерлерді оқыту

SAP HANA-да техникалық сәулетін құруға және инфрақұрылымды жоспарлауға қызметкерлерді оқыту

Ағымдағы жылдың 22-нен 24 мамыр аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасының командасы «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» жобасы шеңберінде SAP кеңесшілерімен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының АТ қызметкерлері үшін SAP HANA-да техникалық сәулет құру және инфрақұрылымды жоспарлау саласында оқыту жұмысын өткізді.

Семинардың мақсаты - жоба бойынша техникалық сәулет әзірлеу және АТ инфрақұрылымын жоспарлауда, сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқа да жобалары мен бастамалары арақатынасына SAP кеңесшілерінің техникалық және консультациялық қолдау көрсетуі болып табылады. Семинарда SAP HANA бар және жоспарланған ландшафты, SAP HANA жалпы құрылымына шолу, SDI (Smart Data Integration) технологиясын шолу, SAP Fiori сыртқы интерфейсінің архитектурасын шолу, HANA PAL және R серверінің жұмысын шолу және т.б.

«Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» қолданыстағы АТ жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, көптеген қолмен жұмыс жасалатын міндеттерді автоматтандыруға, сондай-ақ сапалы болжау мен оңтайландыру мүмкіндіктерін қамтиды. Сонымен бірге жобалық тапсырмаларды әрі қарай тиімді орындауды қамтамасыз ету үшін жобаны іске асырудың қазіргі кезеңінде кеңесшілер мен құрылымдық бөлімшелердің негізгі қызметкерлерінің келісілген жұмысы өте маңызды », - деп түсіндірді «ИСП» жобасының басшысы Мадияр Сұлтанбек.

Сонымен қатар SAP өкілдері ИСП жобасының периметріне кіретін маркетинг бөлімшелерінің қызметкерлерін оқытуда: «KTZ Express» АҚ және «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ өндірістен үзіліссіз жұмыс орнында отырып SAP Predictive Analytics Modeler бағдарламасымен жұмыс істейтін бұл SAP шешімдерімен және технологиялармен жұмыс істеудегі практикалық дағдыларды тиімдірек дамытуға мүмкіндік береді.