Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Глава ҚТЖ провел Совет по модернизации и трансформации бизнеса

Глава ҚТЖ провел Совет по модернизации и трансформации бизнеса

Кездесудің күн тәртібіндегі басты мәселе компанияның мақсатты операциялық моделін енгізу болды.

 2019 жылдың 31 қаңтарында Компанияның Басқарма Төрағасы Мынбаев С.М.-ның басшылығымен бизнесті жаңғырту және трансформациялау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы, «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық трансформациялық тобының өкілдері, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары және ҚТЖ-ның трансформация командасы қатысты.

 Компания стратегиясын қайта қарауға байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев басым бағыттар бойынша күш-жігерді шоғырландыруды қамтамасыз ететін ҚТЖ мақсатты операциялық моделін жаңарту бойынша жобаға бастамашылық жасады.

 Бұдан басқа, С. Мыңбаев бизнестің қатысу деңгейін және жоба демеушілерінің негізгі рөлін арттыру қажеттігіне назар аударды.

 Бизнес-үдерістер, ұйымдық модель, пайдаланылатын технологиялар және адам ресурстарына қойылатын талаптар операциялық модельдің негізгі элементтері болып табылатындықтан болашақ операциялық модель корпоративтік стратегияны жүзеге асыруға және бизнесті трансформациялау Бағдарламасы жобаларының мақсаттары мен міндеттерін түзетуге көмектеседі.

 Корпоративтік істер жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов операциялық модельді өзектендіруге байланысты жобалардың портфелін қайта қарау бойынша атқарылған жұмыс туралы әңгімелеп берді. Оңтайландырылған портфель операциялық тиімділікті арттыруға және нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған 12 жобадан тұрады. Жаңартылған портфельге сатылымның дамуын және клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыруын қамтамасыз ететін «Жүк тасымалы» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ-да маркетинг және сату бойынша 3 жоба қосылды.