Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Екі алыптар: жоспарлау және басқару

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс жүргізілуде, оның бір бөлігі жоспарлау және басқару процестерін жетілдіру болып табылады.

Компанияның қаржы жөніндегі Вице-президенті Жаслан Мәдиевтің айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2018 жылға арналған Бизнесті трансформациялау бағдарламасының (FM-2 жобасы) «Интеграциялық жоспарлау жүйесі» ерекше орын алады.

Осылайша, «ИЖЖ» жобасы - ҚТЖ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобаларының  портфеліне кіретін жобалардың бірі болып табылады.

Жалпы алғанда, жобаның мақсаты барлық кезеңдерде жоспарлау үдерісін жетілдіру болып табылады. Яғни, желіден корпоративті деңгейге дейін жоспарлауға және жоспарлаудың үш көкжиегіне (стратегиялық (>5 жыл), орта мерзімді (1-5 жыл) және оперативті <=1 жыл) әсерін тигізетін аймақтық ауқымда тауарлардың жалпы ағынын анықтаудан және өндірістік жоспарлаудан стратегиялық қаржылық көрсеткіштерді бекітуге дейінгі кезеңдер.

- Айта кетейік, бүгінде біз бюджетімізді құра бастаған кезде, біз тиімді жоспарлау нүктесіне жете алмағанымызға байланысты, жылдық бюджетті жоспарлау процесі 220 күннен асады», - дейді Жаслан Мәдиев, - Жылдың ортасынан бастап жоспарлай бастаймыз, дәл деректерді алғанда жоспарлауға артқа қайтамыз. Менің ойымша, жоспарлау процесі бұлай құрылмау керек.

ИЖЖ жобасын іске асыру келесі жылға болжамдар мен жоспарлар жасау мерзімдерін едәуір қысқартады, болжамдардың дұрыстығы мен тексерілуін жақсартады, әр түрлі даму сценарийлерін, болашақты тез қарайды және олардың компанияның өндірісіне және қаржылық көрсеткіштеріне әсерін бағалайды.

- Қазіргі кезде жобалық топ құрылды, мен оған демеуші ретінде көңілім толады. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» жобалық командасымен жасалған жұмыстар да бағаланып жатыр», - деп атап өтті ҚТЖ қаржы жөніндегі Вице-президенті.

Биылғы жылы жобаның периметріне «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және «ҚТЖ Экспресс» АҚ, одан кейін периметрге ЦЖС, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазтеміртранс» АҚ кіреді.

Осылайша, қазіргі кезде жоба «Іске қосу» кезеңінде жұмысын аяқтайды. Осы кезеңде жобаның мақсаттары, міндеттері, жұмыстың жалпы көлемі, сондай-ақ оның орындалу мерзімдері анықталды. Бұдан басқа, барлық ресімделген құжаттар әзірленіп, бекітілді.

Сонымен бірге, жобаға сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ серверлеріне ИЖЖ прототипін көшіру бақылау нүктесі бар, ол қазіргі сәтте жүзеге асырылуда. Прототип өткен жылы аяқталған болатын.

Тағы бір маңызды жоба (INT-1 жобасы) «Кәсіпорындарды басқарудың негізгі процестерін енгізу» жобасы болып табылады.

- Оның мақсаты - мақсатты бизнес-үдерістерді енгізу және оларды автоматтандыру арқылы компанияның операциялық тиімділігін арттыру», - деді Жаслан Мәдиев.

Ол атап өткендей, әлемдегі озық компанияларда бұл жүйе - бұл компанияның «негізі».

Осы жобаның нәтижесінде аналитикалық ақпараттарды жинау және өңдеу, корпоративтік процестерді орталықтандыру, басқару есептілігінің сапасын жоғарылату және бухгалтерлік және салықтық есепке алу процестерін жетілдіру үдерісі жеделдетіледі.

- Жобалық топ құрылды, жобаның периметрінің бір бөлігі болып табылатын құрылымдық бөлімшелер анықталды», - деді Жаслан Мәдиев.

Бұдан басқа, жобаның бес кезеңінің бірінші кезеңі - «Іске қосу» кезеңінің жұмыстары аяқталып жатыр, жобаның мақсаттары, міндеттері, жұмыстың жалпы көлемі, сондай-ақ іске асыру мерзімдері анықталды. Ресми құжаттар да әзірленді және бекітілді.

- Қазіргі кезде жоба келесі кезеңі «Дизайн» кезеңіне көшу үстінде, онда жобалық топ түрлендіруге арналған тиісті әдісті дайындауды жоспарлап отыр. Жобаны аяқтау 2021 жылдың ортасында жоспарланып отыр, - деп атап өтті ҚТЖ қаржы жөніндегі Вице-президент.