Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Болашаққа арналған жобалар («Транс-Logistics Қазақстан» жалпы көлік журналына арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылымы бойынша басқарма төрағасының орынбасары Б.П. Урынбасаровтың сұхбатынан үзінді)

Фото Урынбасаров Б.П..jpg- Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Өзгерістер ұлттық компания инфрақұрылымын басқару жүйесіне әсер ете ме?

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде құрылған жобалардың портфелі құрамында инфрақұрылымдық басқару жүйесін жетілдіруге ықпал ететін төрт жоба болды. Олардың ішінде: «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу (ТҚжЖ)», «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу», «Қорларды басқаруды оңтайландыру», «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі (ИЖЖ)».

ТҚжЖ жобасы құрылу және сатып алудан бастап пайдаланудан шығару кезеңіне дейінгі барлық активтердің өмірлік циклі бойынша өндірістік активтерді басқарудың бірыңғай моделін құруға бағытталған.

Жоба шеңберінде жобаның негізгі міндеттері қалыптасты. Біріншіден, өнімді активтердің теңгерімді портфелін қалыптастыру. Біріншіден, өнімді активтердің теңгерімді портфелін қалыптастыру. Негізгі бизнеске қатыспайтын 7629 бірлік активтер бойынша жұмыс жасалды. Оларды оңтайландыру (пайдаланудан шығару, жалға беру, мемлекеттік меншікке беру, күшін жою және т.б.) 2017 жылы 9,4 млрд. теңгеге артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жылжымалы құрамның қызмет көрсету үлгісін жетілдіру бойынша міндет қойылды. Оны жүзеге асыру барысында қажетті нормативтік құжаттар құрылды, соның ішінде ТҚжЖ жұмыстарын орындалу жолын анықтау туралы нұсқаулық (ішкі немесе аутсорсинг арқылы), «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, «ҚТЖ - Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсету ұйымдарын басқару жөніндегі регламент және жылжымалы құрамға қызмет көрсету туралы шарттардың үлгілері (локомотивтер, жолаушылар вагондары).

Сондай-ақ, жаңа талаптарды ескере отырып, General Electric TEP-33A сериясының локомотивтеріне қызмет көрсетуге келісімшарт жасалды. Бұл келісімшарттың бүкіл мерзімі ішінде (18 жыл) TE33 сериясының локомотивтеріне қызмет көрсету туралы бұрынғы келісіммен салыстырғанда шамамен 21,5 млрд. теңгеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

ТҚжЖ инфрақұрылымының тиімділігін арттыру үшін міндеттер қойылуда. Қазіргі кезде бұл функциялар түрлі жүйелермен ішінара автоматтандырылған, бірақ, өкінішке орай, процестерді бірыңғай автоматтандыру архитектурасы жоқ. Оларды автоматтандыру SAP бағдарламалық жасақтамасына негізделген бірыңғай ақпараттық жүйеде жоспарлануда. Бұл ашықтықтың ұлғаюымен қатар инфрақұрылымды ұстауға және жөндеуге қаражатты тиімді түрде бөлуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде Магистральдық желі дирекциясының ұйымдастыру құрылымын түзету, ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) паспорттарын және регламентті тиімді басқару процестерін сызықтық деңгейде әзірлеу жоспарланып отыр.

Өзге бастамаларға келетін болсақ, «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасының басты мақсаты компаниядағы қауіпсіздік деңгейін арттыру және қоршаған ортаға әсерді азайту болып табылады. Ең алдымен, еңбек қауіпсіздігі, жол қозғалысы, өрт, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік салаларының негізгі компоненттерін басқарудың бірыңғай тәсілдемесін және қағидаттарын құруды көздейді.

«Қорларды басқаруды оңтайландыру» жобасының мақсаттарының бірі материалдық ағындарды оңтайландыру арқылы тауар мен материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету деңгейін, оның ішінде тауарлар мен материалдарды сақтау алаңдарын біріктіру арқылы жақсарту болып табылады. Бұл ішкі логистика мен тауарлық-материалдық қорларды иелену құнын төмендетуге, сондай-ақ транзиттік трафиктің әлеуетін жүзеге асыру үшін логистикалық инфрақұрылымның шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Егер біз «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» жобасы туралы айтатын болсақ, оның мақсаты сапаны жақсарту, дайындық уақытын қысқарту және стратегиялық, жылдық жоспарлау және болжау процестерінің сенімділігін арттыру болып табылады.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта компанияның инфрақұрылымдық басқару жүйесін жетілдіру бойынша міндеттер жүзеге асырылуда және бұл, сөзсіз, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасының мақсаттарына табысты жетуіне ғана емес, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның инфрақұрылымды дамытудың басымдықтарына стратегиялық көзқарасты анықтауға мүмкіндік беруде.