Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Вагонағынын алдын-ала болжау сценарийлері үшін дизайнерлік интерфейстерін жүзеге асыру тәсілі» ақылдылар сарабы

«Вагонағынын алдын-ала болжау сценарийлері үшін дизайнерлік интерфейстерін жүзеге асыру тәсілі» ақылдылар сарабы

Ағымдағы жылдың 22-23 мамыр аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ- ның маркетинг бөлімі өкілдерімен бірге «Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасы шеңберіндегі SAP кеңесшілерімен «Вагонағынын алдын-ала болжау сценарийлері үшін дизайнерлік интерфейстерін жүзеге асыру тәсілі» атты тақырыптағы дизайн-ойлау семинарына қатысты.

Семинарға қатысушылар жобаның табыстылығының негізгі критерийлерін анықтауға, түпкі пайдаланушылардың мақсаттары мен қажеттіліктерін сипаттауға, «as-is» және «to-be» бизнес-үдерістерін сипаттауға көмектесті және жобалық топқа вагонағындарына болжау жасау үшін қажетті негізгі ақпарат туралы айтып берді.

Қорытындысында SAP өкілдері интерфейсті жобалаудағы одан әрі қадамдар туралы - қағаз прототиптерінен интерактивті басылатын прототиптер мен қосымшаларды әзірлеу туралы әңгімеледі.

«Компанияның операциялық қызметін болжау үрдісі көптеген факторларға байланысты және жобалық топ үшін вагонағындары үрдісіне қатысатын мамандандырылған мамандардың пікірін ескеру өте маңызды», - деді өз сөзінде «ИСП» жобасының басшысы Мадияр Сұлтанбек.