Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ)

canvas.png«Қазақстан Темір Жолы» сандық трансформациясы - SAP Innovation Awards халықаралық марапатына ұсынылған Қазақстандық алғашқы IТ жобасы.

SAP HANA платформасында «Біріктірілген жоспарлау жүйесін» құру жобасын SAP Innovation Awards халықаралық байқауының қазылар алқасы жоғары бағалады. Бұл Қазақстандық компанияларының алғашқы номинациясы.

Жыл сайын SAP Innovation Awards халықаралық марапаты бизнес-үдерістерді трансформациялауда SAP шешімдерін пайдаланатын, сондай-ақ интеллектуалды кәсіпорын болу жолында инновацияларды енгізетін компаниялар мен мамандардың жетістіктерін атап өтеді. Номинанттар бизнес тиімділігін жақсарту үшін алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану бойынша сараптамамен әлемдегі әріптестерімен бөліседі.

Биылғы жылы конкурсқа әлемнің 50 елінен 233 компания қатысады. Номинациялар арасында әлемге әйгілі Toyota, Uber, Verizon, Bayer, American Airlines сияқты корпорациялар бар. Наурыз айының басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ БЖЖ жобасы топ-80 финалистер арасына енді. Мамырда АҚШ-та 30 жеңімпаз марапатқа ие болады.

Финалистер мен жеңімпаздардың жобалары халықаралық кәсіби IT-қоғамдастығында ғана емес, сондай-ақ бизнес өкілдеріне де таратылатын болады. Халықаралық жобада номинация және финалға шығу тек Қазақстан Темір Жолы мен жобалық топ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Бұл әсіресе Сандық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы аясында маңызды.

SAP HANA негізіндегі және болжамды аналитика мен машиналық оқытудың тәсілдерін тиімді үйлестіре отыратын БЖЖ толық орта мерзімді жоспарлау циклын қамтиды: сұранысты, жүкті және бос вагондардың қозғалысын және тиісті кірістерді болжаудан бастап көлік ағындарын оңтайландыру және тиісті эксплуатациялық және қаржылық көрсеткіштерді есептеуге дейін. Барлық құралдар бірыңғай порталда бар. Осылайша, жүйе корпоративтік пайдаланушыларға кез-келген уақытта деректерге қол жеткізуге, орта мерзімді жоспарлардың сценарийлік талдауларын жүргізуге және әртүрлі деңгейдегі инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, БЖЖ KPI-дан күтулерді үйлестіруді және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның оларды қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін акционермен қарым-қатынас құруға көмектеседі.