Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Қазақстан темір жолы» «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасының қағидаларын енгізуде

Компания бизнесін трансформациялау бағдарламасының «ҚТЖ» ҰК» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтарында ҚТЖ «Vision Zero» - «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасының қағидаларын ұстанатын Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) мүшелерінің тізіміне қосылды.


Безопасность - қауіпсіздік  

Гигиена труда - еңбек гигиенасы

Благополучие - әл-ауқат

«Нөлдік жарақаттанушылық» - үш саланы - өндірістің барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және жұмысшылардың әл-ауқатын біріктіретін қызметкерлердің жарақаттануын болдырмауды ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілі. «Нөлдік жарақаттану» басымдығы жұмыстағы апаттардың және персоналдың кәсіби сипаттағы ауруларының алдын алу болып табылады.

ХӘҚҚ - халықаралық ұйымдармен, ең алдымен Халықаралық Еңбек Ұйымымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесімен және т.б. әлеуметтік салада тығыз қарым-қатынас жасайтын халықаралық ұйым. ХӘҚҚ-дағы ҚТЖ мүшелігі Компанияның беделін арттырады және жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәдениетін жақсартуға ықпал етеді.

Әлемдегі озық тәжірибені енгізу қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәдениетін жақсарту және белсенді, профилактикалық тәсілді құрудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

«Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасының қағидаларын қабылдау ҚТЖ имиджін жақсартуға ықпал етеді және дамудың сапалы жаңа деңгейіне көшуге көмектеседі.