Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Активтерді басқарудың жаңа тәсілі

Активтерді басқарудың жаңа тәсілі

Тамыз айының басында Павлодар филиалында магистральдық желідегі техникалық қызмет көрсету және жөндеудің автоматтандырылған жүйе жобасының іске қосылуы өтеді. Магистральдық желідегі барлық филиалдарының директорлары қатысуымен өткен, Компанияның жарты жылдық қызметінің негізінде ұйымдастырылғын, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ бас инженері Котырев Батырмен кездесуде бұл туралы хабарлады. Қазақстан темір жолы жоба командасы Ernst&Young консультанттарымен бірге «ТОиР функциясының мақсатты ұйымдық құрылымын» әзірледі, магистральдық желі дирекциясының бөлімшелерінен бастап, қашықтық жол, сигнализация және байланыс, электрмен жабдықтауға дейін барлық бөлімшелердің рөлдері сипатталды, деп кездесуді ашу барысында басшы атап өтті.

- Бизнес-процесстерді автоматтандыру жағдайында ұйымдық құрылымды өзгерту сөзсіз, - деп атап көрсетті Батыр Котырев. Мақсатты модельге көшу дирекция деңгейінде ТОиР-ды жоспарлау және үйлестіру департаментін құруды көздейді. Тиісінше, оның функциялары жолдар мен құрылыстар, автоматика, телемеханика және телекоммуникация, электрлендіру және энергия департаментінің қызметімен қайталанбауы керек. Бұл үшін техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестеріне толық талдау жасау қажет. Өндірістік департаменттерде әдістемелік тәсілдерде елеулі өзгерістер күтілуде.

Алайда желілік кәсіпорындардың қызметінде күрделі өзгерістер күтіледі. Жобаның шеңберінде ТОиР процестері стандартталған және бірыңғай болады. Стартегия активтердің түрлері бойынша, соның ішінде тәуекелді бағытталған қызмет көрсетудің моделімен әдіснамалық база әзірленуде. Стартегия қызмет көрсетудің ортақ көзқарастары мен қағидаттарын қалыптастырады, Компанияның ТОиР даму бағыттарын анықтайды. Жоба аясында қызметтің негізгі көрсеткіштердің (КПД) төлқұжаттары дайындалып жатыр, бұл магистральдық желідегі әрбір бөлімінің экономикалық және операциялық қызмет көрсеткіштерін байланыстырады. - Яғни нәтижелерді қорытындылау автоматтандырылған түрде бірыңғай дерекқорда болады.

Бұл әр НЖС-тің Компанияның экономикалық қызметіне қосқан үлесін объективті бағалауға мүмкіндік береді, тексерушінің көзімен емес - дейді бас инженер. Тамыз айының басында магистральдық желідегі Павлодар филиалында автоматтандырылған ТОиР жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады, оған сәйкес техникалық тапсырма бекітілді. Бүгінде бөлімдердің активтер базасы қалыптастырылуда. Қыркүйек айында SAP PM автоматтандырылған жүйесінің прототипі құрылады, ал жыл соңына дейін SAP PM Павлодар қаласындағы НЖС продуктивті эксплуатацияға кірісті. Магистральдық желінің қалған бөлігі үшін көбейту 2019 жылға жоспарланған. Тиісінше, орындалған жұмыстарды ескере отырып, активтерді ұстауға жұмысты жоспарлаумен айналысатын барлық мамандардың жаппай оқыту жүргізілетін болады. Қазірге магистральдық желі бөлімшелеріне басшыларға жұмыс орындарын, инженерлермен мен мамандарды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуі тиіс, олар қазірдің өзінде Компаниямен сатып алыну үстінде. Сондай-ақ нормативтерді құру үшін технологиялық карталарды толық қолға алу. - Әрине, бұл бір күндік жұмыс емес. Дегенмен, біз КЕГОК-тың тәжірибесіне назар аудара аламыз, бұл операциялық қызметтің жеңілдігі сөзсіз келеді, бірақ бұл үшін сапалы дайындыққа белгілі бір уақытты жұмсау қажет. Атап айтқанда, нормативтік база, - деп түйіндеді Батыр Котырев.