Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Адам жағын басқар

Адам жағын басқар

Өзгерістер мен жаңа технологияларды қалай жоспарлауға және енгізуге болады? Ұжымды соған қалай дайындауға болады? Бұл мәселелерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері өзгерістерді басқаруға (Change management) арналған ақпараттық сессия аясында талқылады.

Іс-шара ұйымдастырушылары «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы «Өзгерістерді басқару» блогының қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өзгерістерді басқару бойынша сараптама орталығы және «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік университеті болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның өзгерістерді басқару бойынша сараптама орталығы мен ПМО басшысы Әсел Сәлкімбаеваның айтуынша «change management» - бұл тиімді басқару кезінде жобаның сәттілік ықтималдығы 6 есе жоғары болатын өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Компанияның стратегиялық әлеуеті.

- Өзгерістер - кез келген компанияның қызметіндегі қажетті үдеріс.

Біздің міндетіміз - бүгінгі күні 2014 жылы бизнесті трансформациялау бағдарламасы басталуымен салыстырмалы түрде жақында пайда болған «change management» пәні «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының одан әрі дамуы үшін өзекті және қажет екенін ҚТЖ қызметкерлеріне хабарлап жеткізу, - деп атап өтті Әсел Сәлкімбаева.

Іс-шара барысында қатысушылар өзгерістерді сәтті басқарудың негізгі қағидаларын зерттеді, қызметкерлер арасында өзгерістерді қалай жүзеге асыруға және қызметкерлердің қарсылығымен қалай жұмыс істеу керегі туралы білім алды. Сонымен қатар, ҚТЖ мамандарына өзгерістерді басқару жөнінде ғылыми зерттеулер мен озық тәжірибелерден шолулар, сондай-ақ жеке және ұйымдық деңгейлерде өзгерістер енгізу үшін арналған ADKAR үлгісі ұсынылды.

- Бүгін Компанияда бизнесті трансформациялау бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанына байланысты өзгерістерді басқару бойынша семинар компанияның барлық қызметкерлері үшін қажетті және пайдалы болып табылады. Мені осы семинар өзектілігімен қызықтырды, өйткені өзім үшін көптеген жаңа нәрселерді үйрендім. Мұндай іс-шаралар мүмкіндігінше жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын,- деп «Көп функционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының бас маманы Жанар Бұржымбаева атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, ақпараттық сессиясының қатысушыларынан алынған кері байланыс Компанияның Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жобаларын жүзеге асырудағы өзгерістерді басқару бойынша әрі қарай жасалатын қадамдарды құрастыруға көмектеседі.