Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

2018 жылындағы ТҚКЖ жобасының қорытындысы

ҚТЖ-да Компанияның бизнесті трансформациялау бағдарламасы «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу (ТҚКЖ)» жобасының Басқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті.

Жобаны іске асыру нақты нәтиже береді, бұл дегеніміз – өндірістік активті құру/сатып алудан бастап және пайдаланудан шығару сатысымен аяқталуға дейін активтердің бүкіл өмірлік циклі кезеңінде тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін өндірістік активтерді басқарудың бірыңғай жүйесін құру және енгізу.

1234568787445.jpg

Басқару комитеті өткізілген кезеңге дейін атқарылған жұмыстар мен жобаның нәтижелерін қорытындылай келе, Компанияның 2018-2021 жылдарға арналған Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының екі бақылау пункті жабылды: магистральдық желінің Павлодар пилоттық бөлімшесінде АСУ ТҚКЖ автоматтандырылған жүйесі тәжірибелік пайдалануға өтті және Ernst & Young (EY) консультанттарымен бірге қажетті әдістемелік құжаттар әзірленді.

Сонымен қатар, отырыста магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі (Павлодар және Екібастұз қалалары) мен компанияның орталық аппаратының негізгі пайдаланушыларын мақсатты ТҚКЖ процестеріне оқыту бойынша материалдар ұсынылды және жинақталды, сондай-ақ АСУ ТҚКЖ тестілеудің нәтижелері қаралды. Сонымен бірге, EY сарапшылары өз жұмысының нәтижелерін қорытындылады және жобаны одан әрі іске асыру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.

Ernst & Young өкілдері мақсатты ТҚКЖ процестерін және оларды SAP жүйесінде жүзеге асыратын негізгі пайдаланушыларға сертификаттар тапсырды. Өз кезегінде, Басқарушы директор - Компанияның Бас инженері - Жобаның демеушісі Батыр Котырев EY-ге атқарылған жұмыс үшін алғысын білдіріп, оларға бұдан әрі табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

23546846648.jpg

Жалпы алғанда, жоба бойынша үлкен жұмыс көлемі атқарылды: Компанияның өндірістік активтерінің теңгерімді портфелі қалыптастырылды, қолданыстағы және мақсатты ТҚКЖ процестері талданды, ТҚКЖ инфрақұрылымының тиімділігін арттыратын қызмет көрсететін ұйымдардың қызметтерін басқаруды реттейтін құжаттар әзірленді, магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі пилоттық участкесінің негізгі мамандары теміржол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру бойынша жаңа бизнес-процестерге және АСУ ТҚКЖ жүйесінде жұмыс істеуге оқытылды.