Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Теңізшевройл компаниясымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу

Теңізшевройл компаниясымен өнеркәсіптік  қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу

Компанияның бизнесті трансформациялау Бағдарламасының ««ҚТЖ» ҰК» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС-де ҚТЖ жобалық тобы және ТШО өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында Теңізшевройл әріптестері өнеркәсіптік қауіпсіздігін басқару моделін енгізу бойынша табысты тәжірибелерімен бөлісті. Жетекші орынға жету үшін Шеврон Компаниясында 1994 жылдан бастап қауіпсіз жұмысты жүргізу жүйесін енгізе бастады.

ТШО-ның қызметкерлерінің қолдауы және белсенді жұмысқа тартылғандығы өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру аясындағы табысты өзгеруінің маңызды алғышарттары болып табылады. Барлық жиналыстар, тіпті өндірістік емес жиналыстар, қауіпсіздік бойынша бір минуттық қысқа нұсқаулықпен басталады.

Бұған қоса, адамдар ТШО-ның басты құндылығы болып табылатындықтан, кәсіпорын қызметінде ТШО-ның логотипімен қатар «Fatality Prevention» («Өлімнің алдын-алу») белгісін қолдану тәжірибесі енгізілді.

Өз кезегінде, ҚТЖ қызметкерлері жоба шеңберінде атқарылған жұмыс туралы әңгімелеп берді. Жоба «Іске асыру» кезеңінің аяғында тұр, және бүгінгі күні өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін өсіруді қамтамасыз етті.

Жиналыс қатысушылары атап өткендей, жобаны ойдағыдай жүзеге асыру мақсатымен кәсіби тәжірибе алмасу бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет.

Сонымен бірге, сапар барысында Қазақстан темір жолы командасына Махамбет станциясындағы өндірістік алаңында қауіпсіз жұмыс әдістері және түйіспесіз жолды күтіп ұстау және қолдау бойынша шет елдердің озық әзірлемелері ұсынылды.

Жаңалықтар