Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ КАДРЛЫҚ САЯСАТТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАЙДЫ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ КАДРЛЫҚ САЯСАТТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАЙДЫ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Компания персоналын басқару мәселелері бойынша Ақпараткүні болып өтті. Шара интерактивтік режимде ұйымдастырылды. Қатысушылар онлайн режимде Компаниядағы өзгерістерге қатысты өздерінің пікірлерін білдіріп жатты және де спикерлер сұрақтарына жауап қатты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов өзінің жиында сөйлеген сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Цифрлық трансформация» Бағдарламасының «Жоғары өнімділік мәдениеті» бастамасының негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы хабардар етті.

 «2029 жылға дейінгі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму стратегиясына сәйкес, Компания портфелі құрылымын оңтайландыру оның қызметі тиімділігін арттыруға жасалған маңызды қадамы болып табылады. Активтерді басқару деңгейін қысқарту, ағымдағы құрылымды қайта жасақтау бойынша міндеттер Компанияға негізгі басымдықтар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында өз ресурстарын тиімді қайта бөлуге, сондай-ақ ҚТЖ кірістерін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті Серік Әбденов.

 Өз кезегінде Компанияның кадрлық саясатындағы өзгерістер туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR жөніндегі басқарушы директор (персоналды басқару жөніндегі директор) Тамила Микулич айтып берді.

 «Директорлар кеңесімен бекітілген 2019 – 2029 жылдарға арналған ҚТЖ кадрлық саясаты ҚТЖ персоналының сан мен сапалық құрамы қалай өзгереді, кадрлық қызметі және осы өзгерістерде қандай құралдар көмектеседі деген сұрақтарға жауап береді. Біз саралау жүргіздік және де қызметкерлер мінездемесінің ағымдағы және мақсаттық жағдайы арасында алшақтық барлығын анықтадық. Қазір біз сол олқылықтардың орнын толтыруға жұмыс істеудеміз», - деді Тамила Микулич.

   Сонымен, бүгінгі күні Компанияның кейбір еншілес ұйымдары мен өндірістік филиалдары бөлінісінде оң қарқының көрсете бастаған, күнделікті операцияларды жалпы қызмет көрсету орталығына беру, персоналды жалдау ашықтығы процесі іске қосылған.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығы» филиалының директоры Сергей Хо еңбек ресурстарын қайта құрылымдау бағдарламасы туралы айтып берді.

 «Санды сапалы басқару маңызды болып табылады. Еңбек ресурстарын қайта құрылымдау алгоритмі босап қалған қызметкерлерді, көбінесе ҚТЖ ішіндегі позицияларға барынша қызметпен қамтамасыз ету дегенді білдіреді», - деді Сергей Хо.

 Толықтай алғанда кадрлық саясатты жүзеге асыру үшін негізгі бастамаларымен 2019 жылындағы іс-шаралар жоспары әзірленген.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі