Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау Бағдарламасын іске асыру» туралы «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы директоры - бағдарлама менеджері В.В.Жадовинмен сұхбат

Жадовин В.В. ЦТБ.jpg«ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияның қызметін сапалы өзгертуге бағытталған  бизнесті трансформациялау Бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Бағдарламаның мақсаттары мен нәтижелері туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы директоры - бағдарлама менеджері Виталий Жадовинмен әңгімелестік.

- Виталий Викторович, сізде мемлекеттік және ұлттық компаниялардағы бизнесті трансформациялау саласында тәжірибеңіз бар, және сіз қазіргі уақытта Компанияның негізгі жобалық менеджері және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының басшысы болдыңыз.  «Трансформация» дегеніміз сіз үшін қандай мән-мағынаны білдіретіндігі және де трансформация Компанияға қандай міндеттерді шешуге көмектесетіндігі туралы айтып өтсеңіз?

Мемлекеттік және ұлттық компанияларда бизнесті трансформациялау жобаларын енгізу мен іске асыруда тәжірибе менде бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы мен үшін жаңа міндет.

Бүгінде Қазақстанның көліктік саласы тез арада жауап беруді талап ететін елеулі сыртқы өзгерістерге ұшырап отыр. Біз динамикалық бәсекелестік, жаһандық цифровизация және автоматтандыру, озық технологияларды енгізу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Нарықтың қазіргі жағдайында біз нарықтық қажеттіліктерінің өзгеруіне тез арада жауап беретін Компания болуымыз керек. ҚТЖ қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, бәсекеге қабілетті және клиентке бағдарланған компания болып қала беруі тиіс.

Біздің тобымыздың алдында дәл осындай міндеттер тұр. Трансформация өте күрделі процесс болып табылады және Компанияның әр қызметкерінен кәсіби тәсілді талап етеді.

- Компаниямыздағы трансформация бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Компанияның бизнесін трансформациялау бағдарламасы қандай ең маңызды нәтижелеріне қазіргі уақытта қол жеткізді?

2017 жылы ҚТЖ трансформациялау бағдарламасы іске асыру кезеңіне енді. Қазіргі уақытта 2018-2021 жылдарға арналған бизнесті трансформациялау Бағдарламасының Жол картасына сәйкес Компанияда 12 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік.

«Сатып алуды санаттық басқару» жобасында оң серпін байқалады. Жоба шеңберінде үш жыл ішінде 17 санатты сатып алу стратегиясы әзірленіп, нәтижесінде 2,4 млрд. теңгеге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

Трансформациялау бағдарламасының бірқатар жобалары, мысалы, «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу», «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» және «Маркетинг және сатудың жаңа моделін енгізу» сынды жобалары бойынша автоматтандырылған SAP жүйесін ендіру шеңберінде пайдаланушыларды оқыту жүргізілуде.

Сонымен қатар, автоматтандыру шеңберінде «Кәсіпорынның негізгі процестерін қайта құру және автоматтандыру» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба жаһандық жетекші компанияларда қолданылатын SAP компаниясының жаңа өнімі SAP 4/HANA жаңа платформасына көшуді көздейді.

- Сіздің ойыңызша, Компанияға 2019-2021 жылдарда Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында қандай міндеттерді шешуге тура келеді?

2019-2021 жылдар кезеңінде Трансформация бағдарламасының жобалары іске асыру, аяқтау және бизнеске тапсыру сатысында болады. ТҚҚЖЖ, бухгалтерлік және салықтық есепке алу, персоналды басқару, қазынашылық, ТРУ және т.б. салаларда мақсатты автоматтандырылған үдерістерге көшу орын алады.

    Бұдан басқа, Компания қызметкерлері жаңа SAP 4/HANA жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.

- Жобалық топтар жобалық тапсырмаларды орындау кезінде қандай қиындықтармен кездеседі?

Компаниядағы кез-келген өзгерістер жеке және ұйымдық деңгейде қарсыласумен кезігеді. Компания қызметкерлері өзгерістерді қабылдау үшін бизнесті трансформациялау Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалында өзгерістерді басқару бөлімі құрылды. Болашақта Компания деңгейінде өзгерістерді басқару бойынша құрылымдық бөлімшесін құру жоспарлануда.

  Бұдан басқа, қазіргі уақытта Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бизнесті оңтайландыру жобаларын іске асыруды  жеңілдететін өзгерістерді басқару бойынша стандарт әзірленуде.

- Трансформация бағдарламасы Компанияға не береді, Компанияға қандай пайда әкеледі?

Ең алдымен, Трансформация бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру қаржылық пайда әкеледі. Сондай жобаларға «БЖЖ», «ССБ», «Маркетинг және сату», «Кәсіпорынды басқарудың негізгі процестерін қайта құру және автоматтандыру» сияқты жобалары жатады. Сондай-ақ Компания сапалық пайда алады. Бұл дегеніміз қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру, жобаларды басқару тәсілдерін енгізу, үздіксіз жетілдіру мәдениетін құру.