Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті күшейтеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Компанияның корпоративті қауіпсіздік жөніндегі директоры - Жоба демеушісі К.И. Елубаевтың төрағалық етуімен Цифрлық трансформация бағдарламасын жүзеге асыру аясында ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізу бойынша жиналыс өтті.

Отырысқа «Самұрық-Қазына» АҚ орталық трансформация тобының өкілдері, ҚТЖ құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ жоба тобы қатысты.

Жоба демеушісі «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының инфрақұрылымын қауіп-қатерден қорғау үшін жаңа моделді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізу» жобасы «Қазақстанның кибер қалқаны» тұжырымдамасының талаптарына жауап береді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді.

Жоба басшысы Руслан Сұлтанғазиннің айтуынша, өзгертулердің басты мақсаты - жоғары бейімделген және тиімді басқару жүйесін құру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Жоба демеушісі құрылымдық бөлімшелер басшыларын жобалық іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға және жергілікті жерде қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге шақырды.