Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Қорлардың кубын» практикалық қолдану бойынша оқыту

«Қорлардың кубын» практикалық қолдану бойынша оқыту Ағымдағы жылдың қаңтар айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасының командасы «Сатып алуды санатты басқару» жобасы шеңберінде әзірленген «Қорлардың кубын» практикалық қолдану бойынша оқыту өткізді, бұл оқытуға еншілес ұйымдардың және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының «Жеткізуді тізбектеп басқару» бағытының басшысы Г.С. Аманбаева команда қызметкерлерімен бірге қорларды басқару саласындағы ең озық тәжірибелер туралы хабардар етті және әзірленген құралдың негізгі мүмкіндіктерін көрсетті.

«Қорлар кубы» - бұл қорлардың санын кейінгі талдау үшін ақпараттық жүйелердің транзакциялық деректерін өңдеуге мүмкіндік беретін аналитикалық құрал.

Оқыту барысында «Қор кубының» өнімді-заттарын толық талдау үшін аналитикалық есеп беруді құру, оларды санаттау, сондай-ақ қорларды толтыру моделін құру, қызметтің деңгейін арттыруға және қорлардың деңгейін рационалды қамтамасыз етуге қажет мүмкіндіктері көрсетілді.

Оқытудың қатысушыларына практикалық тапсырмаларды жеке орындауға мүмкіндік берілді, атап айтқанда, санаттар контексіндегі қорлар туралы деректерді пайдалана отырып, аналитикалық жалпы есептер жасау.

«Қорлардың кубымен» жұмыс жасай алу қызметкерлерге қорлар туралы ашық ақпарат алуға, талдаулар үшін қажетті көрсеткіштерді есептеуге және икемді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Аманбаева Гүлнар.