Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Қорларды басқаруды оңтайландыру» жобасы бойынша бастапқы жиналысының пресс-релизі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Қорларды басқаруды оңтайландыру» жобасы бойынша бастапқы жиналысы өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

Алпысбаев Қанат атап өткендей, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жобалар портфелінде маңызды бағыттар қорларды басқаруды оңтайландыруды айқындайды және Компанияның экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

- Біз компания үшін маңызды жобалардың бірін жүзеге асыруға кірісіп отырмыз. Бұл ұйымдық құрылымда қорларды басқару функциясын бекіту үшін алғышарттар жасайды және жүйелі процесті қалыптастырады», - деді Президент.

Кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі Вице-президенті, Жобаның демеушісі Жаслан Мәдиев жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімелеп берді.

- Бұл жобаны іске асыру Компанияның айналымдағы капиталын оңтайландыруға және «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық мақсаттарына жетуге айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді, - деді Жаслан Мәдиев.

Жобаның демеушісі атап өткендей, негізгі мақсаты айналым қаражаты мен материалдық ағынды басқару тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді жақсарту, талап етілмеген қорларды және өтімді емес қорларды тарту және іске асыру арқылы қысқарту, материалдық ағындарды оңтайландыру және сақтауды шоғырландыру арқылы ішкі логистика үшін шығындарды азайту, толықтыру моделін енгізу арқылы қор айналымын оңтайландыру болып табылады.

Қаржылық бақылаушы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, жоба диреторы Шолпан Омарбекова жобаны басқару құрылымын жиналысқа қатысушыларға таныстырды және жобаны басқарудың негізгі құралдарын көрсетті. Сонымен бірге, жоба периметріне кіретін бөлімшелердің басшыларының қатысу маңыздылығы атап өтілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Бизнесті трансформациялау орталығы» «Жеткізу тізбегін басқару» бағытының бастығы Гүлнар Аманбаева «Қорларды басқаруды оңтайландыру» жобасының шеңберінде соңғы пайдаланушылардың саны Қазақстан бойынша Компанияның үш жарым мыңнан астам қызметкері болады деп мәлімдеді.

Жиналыс қорытындысы бойынша Компания Президенті жобаға ресми түрде бастама берді, ал жоба тобы жобаны іске асыру периметріне кіретін Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жобаны ресімдеуге кірісті.

Қаржылық бақылаушы -

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазынашылық

департаментінің директоры -

жоба директоры                                                                           Ш.Омарбекова