«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы - бұл «Самрұқ-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің күтетіндерін, сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында (26.11.2015 жылғы №11 Компанияның директорлар кеңесімен бекітілген) (бұдан әрі – Стратегия) көрсетілген Компанияның стратегиялық мақсаттарын, ішкі және сыртқы ортада жүйелі өзгерістер арқылы, жүзеге асыруға бағытталған Компанияның қызметі.
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен бастамалары:
Компанияның құнын арттыру.
Бұл бағыт бойынша мақсаттарға қол жеткізуді келесі бастамалардың іске асуы қамтамасыз етеді:
Бизнес-процестерді қайта құру;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі стратегиялық негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) нысаналы мәндерін және жинағын қайта қарастыру;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ даму стратегиясын жаңартылған стратегиялық мақсаттар жинағына сәйкес ретке келтіру.
Портфель құрылымын және инвестициялық қызметті іске асыру көзқарасын өзгерту.
Бұл бағыт бойынша мақсаттарға қол жеткізуді келесі бастамалардың іске асуы қамтамасыз етеді:
«ҚТЖ» ҰК» АҚ меншік құрылымын және заңды нысандарын оңайлату
Сыртқы инвесторларды тарту және бейінсіз әлеуметтік активтерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ портфелінен шығару;
Инвестициялауға деген белсенді көзқарасты енгізу.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесінде жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлуді өзгерту.
Бұл бағыт бойынша мақсаттарға қол жеткізуді келесі бастаманың іске асуы қамтамасыз етеді:
Мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.