Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

“Idea Generator: railway sector” идеялар байқауы

«Nazarbayev University Research and Innovation System» және «Қазақстан темір жолы»  ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бірлесіп темір жол саласында инженерлік міндеттерді шешу үшін идеялар байқауын жариялайды.

Ең жақсы идеялар келесі жүлделерге ие болады:

I орын 300 000 теңге.
II орын 200 000 теңге.
ІII орын 100 000 теңге.

Сондай-ақ,  жеңімпаздар  өз идеясын 2019 жылғы  23 мамыр күні Нұр-сұлтан қаласында өтетін темір жолдарды цифрландыру бойынша халықаралық конференция-көрмеде ірі компанияларға ұсынуға бірегей мүмкіндікке ие  болады.

Байқауға қатысып,  3 тапсырманың  бірін шешу идеясын  ұсын:

1. Станция аумағында тежегіш башмактарын қалай бақылауға болады?

2. Локомотив кабинасындағы машинистің қырағылығын қалай бағалауға болады?

3. Локомотив машинисіне арналған "соқыр" аймақтардағы кедергілерді қалай анықтауға болады?

Толық сипатталған тапсырмалар файлын жүктеу сілтемесі: http://bit.ly/contest_tasks

2019 жылдың 6 мамырына дейін сілтеме бойынша өтінім беруге үлгеріңіз: http://bit.ly/contest_reg

Қатысу шарттары:

Байқауға  35 жасқа дейінгі барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Сіздің идеяларыңызды бағалау критерийлері:

  • Шешімнің тиімділігі
  • Іске асырылуы
  • Бағасы
  • Іске асыру мерзімі

Байқау қалай өтеді:

2019 жылғы  18 сәуір күні  кіріспе meetup-сессиясы, онда біз байқаудың міндеттерін егжей-тегжейлі ашатын боламыз. Сонымен қатар, Сізде  темір жол саласының сарапшыларына қызықтыратын сұрақтар қойып, сіздің ойыңыз бойынша кері байланыс орнату мүмкіндігіңіз болады.

Орны мен уақыты: Нұр-Султан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университеті, 9.321 А, сағат 18.30-да.

Meetup-сессияға тіркелу:http://bit.ly/meetup1804

Сіз сондай-ақ,  Astana Business Campus бетінде meetup-сессиясының онлайн трансляциясына қосыла аласыз facebook.com/abcsciencepark

  • 2019 жылғы  6 мамыр күні – өтінімдерді қабылдау уақытының  аяқталуы және іріктеуге шақыру алу

  • 2019 жылғы 14 мамыр күні - іріктеу: ұсынылған шешімдерді ұсыну 4 мин.

  • Іріктеуге физикалық қатысуға  мүмкіндік  болмаған жағдайда, басқа қаладан келген өтініш берушілерге өз шешімінің бейне-тұсаукесерін жіберуге мүмкіндік беріледі

  • 2019 жылғы  23 мамыр күні – жеңімпаздарды ресми марапаттау.

Пайдалы сілтемелер