Басқарманың құрамы

Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы

Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы

Туған жылы, күні, айы:  1962 жылғы 19 қараша. 

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

1985 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. 

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек қызметін Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы болудан бастаған. 1995 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары лауазымымен қатар ҚР ҚМ жанындағы Қазынашылықтың бастығы лауазымын атқарған.

1997 жылы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 

1997 - 1999 ж.ж.  мына лауазымдарды атқарған: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

1999 - 2001 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

2001 жылы мансабын қаржы институттарында «Қазақстанның Даму Банкі» ЖАҚ президенті ретінде жалғастырды.

2002 - 2003 ж.ж. - «Каспий Өнеркәсіптік-Қаржылық Тобы» ЖШС бас директоры. 

2003 - 2006 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.  

2006 – 2007 ж.ж.- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы.

2007 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ал 2010 жылы - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып тағайындалған.

2013 – 2018  ж.ж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.

2018 жылғы 20 қарашадан бастап - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.

Мемлекеттік наградалары:

  • «Дружба» ордені (РФ, 2004ж.)
  •  «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008ж.)
  • 3-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2005ж.)
  • «Барыс» ордені (2012ж.).

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі:  жоқ.

Әлмағамбетов Қанат Есмұханұлы

Әлмағамбетов Қанат Есмұханұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

Туған күні: 1962 жылғы 6 тамыз.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

1983 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын Темір жолдарды пайдалану мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Теміржол көлігіндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

1983 ж. – Кеңес әскеріне шақырғанға дейін Алматы-1 ст. поздарды құрастырушы болып жұмыс істеген;

1985 - 1998 ж.ж. – Тың темір жолы Көкшетау бөлімшесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, Тың және Ақмола темір жолдарының қозғалыс қызметін басқарған;

1998 - 1999 ж.ж. - «ҚТЖ» РМК Павлодар тасымал бөлімшесінің бастығы;

1999 - 2001 ж.ж. - «ҚТЖ» РМК орталық аппаратында Бас тасымал басқармасының бастығы, тасымал департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген;

2001 - 2002 ж.ж. - «ҚТЖ» РМК «Жүк тасымалы» ЕМК директоры

2002 - 2004 ж.ж. - «ТеңізШевройл» БК үшін габариттен тыс және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша консалтингтік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыс тобының менеджері

2004 - 2005 ж.ж. - «Қазтеміржолкөлік» АҚ Жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті;

2005 - 2006 ж.ж. – «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақмола тасымал бөлімшесі» филиалының директоры;

2007 - 2008 ж.ж. - «Қазтеміртранс» АҚ вице-президенті;

2008 - 2009 ж.ж.- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымал процесі жөніндегі басқарушы директоры;

2009 - 2012 ж.ж. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Пайдалану жұмысы жөніндегі басқарушы директоры;

2012 -2013 ж.ж.- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Аппарат басшысы;

2013 - 2014 ж.ж. - «Қазтеміртранс» АҚ Президенті;

2014 - 2015 ж.ж. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Кеңесшісі;

2015 - 2018 ж.ж. – «KAZLOGISTICS» көлік және логистика ұйымдары мен қауымдастықтары одағы» ЗТБ (Қазақстан көлік қызметкерлерінің одағы) Бас директоры;

2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы.

Мемлекеттік және салалық наградалары:

  • Құрмет белгісі - «Құрметті теміржолшы» белгісі (1999 ж.)
  • «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік медалі (2004 ж.)
  • «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл» төсбелгісі (2008 ж.)

  • «Достық-Алашанькоу темір жолдарының түйіскеніне 20 жыл» төсбелгісі (2010 ж)

  •  «Құрмет» ордені (2010 ж.).

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі: жоқ.

Елубаев Санжар Бақытұлы

Елубаев Санжар Бақытұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары

Туған жылы: 1975 жыл 11 қыркүйек.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, соның ішінде негізгі және қосымша:

1994 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін ағылшын тілі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1994-1997 ж.ж. Қазақ мемлекеттік заң университетін азаматтық құқық мамандығы бойынша бітірді.

2001- 2004 ж.ж. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бухгалтерлік есеп және аудит, инженер экономист мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолы:

2002 - 2006 ж.ж.- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Транзиттік тасымалдар маркетингі басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығы;

2004-2006 ж.ж. - «Транссибирский Экспресс Сервис Казахстан» компаниясының бас менеджері;

2006 - 2007 ж.ж.- «Кедентранссервис» АҚ Бірінші вице-президенті;

2007-2008 ж.ж. – «Mediterranean Shipping Company» компаниясының Қазақстан Республикасындағы бас менеджері;

2008-2011 ж.ж.- «Дженерал электрик Интернешнл Инк» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы филиалының көлік бөлімшесінің бизнесті дамыту жөніндегі директоры;

2011 - 2013 ж.ж.- «Қазтеміртранс» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті;

2013 жылғы қаңтардан бастап шілдеге дейін - «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Көлік логистикасын дамыту орталығы» филиалының директоры;

2013 - 2016 ж.ж. - «KTZ Express» АҚ Президенті;

2016 жылғы мамырдан бастап қарашаға дейін «Қазтеміртранс» АҚ Басқармасының Төрағасы (Президенті);

2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы сәуірге дейін - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Операциялық қызметті үйлестіру жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы;

2017 жылғы сәуір айынан бастап - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары.

Мемлекеттік және сала бойынша марапаттары бар:

  • «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісі (2014ж.)

  • «Құрмет» ордені (2015ж.)

Қосымша атқаратын қызметтері:

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Біріккен көлік-логистикалық компания» АҚ, «Құрық Порты» ЖШС Директорлар кеңесінің Төрағасы.

Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны және үлесі: жоқ

Оразханов Айдын Бейсмолданұлы

Оразханов Айдын Бейсмолданұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

Туған жылы, айы, күні:  1974 жылы 3 қазан

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

1992-1999 жж. Алматы қ. Қазақ ұлттық техникалық университеті, пайдалы кенбайлық орындарын барлау технологиясы және техникасы, тау-кен инженері;

2009-2010 ж.ж. Алматы қ. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, магистр академиялық дәрежесі.

Жұмыс тәжірибесі:

2000 - 2007 ж.ж.- «№2 Тоннель жасағы» еншілес кәсіпорны» ЖШС үңгуші, учаскенің тау-кен шебері;

2007 - 2010 ж.ж. – «Алматы қаласының метрополитен құрылысы дирекциясы» МКК тау-кен-күрделі жұмыстар жөніндегі инженер, жол шаруашылығы жөніндегі инженер, жол қызметінің бастығы;

2010 – 2014 ж.ж. - «Метрополитен» МКК бас инженері, Директор кеңесшісі, Тоннель құрылыстары дистанциясы, күрделі құрылыс бөлімі, пайдалану жабдықтары бөлімі, жол қызметі;

2014 - 2016 ж.ж. -  «Метрополитен» МКК директоры;

2016 - 2017 ж.ж. - ҚР ІІМ ТЖК «Селден қорғау құрылыс» РМК директорының орынбасары;

2018 жылғы 7 маусымнан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары.

Мемлекетік және салалық марапаттары бар:

  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж.).

Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны және үлесі: жоқ

Әбденов Серік Сақбалдыұлы

Әбденов Серік Сақбалдыұлы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Туған жылы, айы, күні:  1977 жыл 15 қаңтар.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітіріп шықты. 

2004 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2013 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясын, Жоғары кәсіби білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін (МВА) бітірді.  

Жұмыс тәжірибесі:

1998-2000 ж.ж.- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы, бас маман, бөлім бастығы;

2000-2003 ж.ж.- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңдық сараптама бөлімінің бастығы, бақылау және құжат айналымы басқармасының бастығы, аппарат басшысының орынбасары;

2003-2004 ж.ж.-  «Billing «Global Systems» ЖШС директорының орынбасары, «УПТК-ЦС» ЖШС директорының консультант-кеңесшісі;

2004-2007 ж.ж.- Қазақстан Республикасының ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту және еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаменті, Департамент директорының орынбасары, Департамент директоры;

2007-2009 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі;

2009-2012 ж.ж.- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Бірінші орынбасары;

2012-2013 ж.ж.- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің министрі

2013-2018 ж.ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директор, Адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президент, «Oil Construction Company» ЖШС Бас директоры (қоса атқарған).

2018 жылғы қарашадан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Мемлекетік және салалық марапаттары бар:

  • «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі (2006ж.).
  • «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008ж.).
  • Парасат ордені (2009ж.).
  • ҚР ЕХӘҚМ Құрмет грамотасы (2012ж.).

Қосымша атқаратын лауазымдары: жоқ.

Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны және үлесі: жоқ 

Көшеров Даир Әділбекұлы

Көшеров Даир Әділбекұлы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары

Туған жылы, айы, күні:  10 қаңтар 1977 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

1998 жылы Индиана университетін бітірді, қаржы бакалаврі.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын халықаралық экономика мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

1998 - 2000 ж.ж.- «Ақ-ниет» КУПА бас бухгалтердің орынбасары, ішкі аудит департаментінің директоры;

2000-2005 ж.ж. -  «КУПА «ABN AMRO Asset Management» ЖАҚ бас бухгалтердің орынбасары, тәуекел-менеджер, бөлім бастығы, портфель менеджері, бас портфель менеджері;

2005 - 2006 ж.ж.- «Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры;

2006 – 2008 ж.ж. – «КазТрансГаз» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры;

2008 -2012 ж.ж.- «КазТрансОйл» АҚ қаржы директоры, «КазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

2012 - 2018 ж.ж. – «КазТрансГаз» акционерлік қоғамы Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

2018 жылғы желтоқсаннан бастап -  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары.

Мемлекетік және салалық марапаттары бар:

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016ж.).
  • «Құрмет» ордені (2017ж.).

Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны және үлесі: жоқ

Мұқышов Ардақ Жұмағұлұлы

Мұқышов Ардақ Жұмағұлұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және соттық-талаптық жұмыс жөніндегі Департамент директоры

Туған жылы, күні, айы:  1978 жылғы 4 наурыз.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

1998 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Заңгер» біліктілігінің берілуімен «Құқық және құқықтық білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген,                2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университетін «экономист» біліктілігінің берілуімен «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

2000 - 2003 ж.ж. -  Астана қаласының ҚІІД ішкі істер органдарында жұмыс істеген;

2003 - 2010 ж.ж. -  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, заң қызметі департаменті директорының орынбасары;

2010-2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі заң қызметі департаментінің директоры;

2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;

2014 жылғы тамыздан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін  - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ халықаралық келісімшарттар департаментінің директоры;

2017 жылғы қаңтардан бастап 2018 жылғы 29 шілдеге дейін  – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті;

2018 жылғы шілдеден бастап 2018 жылғы 29 қарашаға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 4 желтоқсанға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы;

2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін Құқықтық қамтамасыз ету және соттық-талаптық жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы.

Алған мемлекеттік және салалық наградалары:

  • Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің грамотасы (2008ж.).
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж.).
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасы құбыр көлігіне 80 жыл» мерекелік медалі (2015ж.).

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі:  жоқ.


Пайдалы сілтемелер