Басқарма

Басқарма Акционерлік қоғамның алқалы түрдегі атқарушы органы болып табылады. Оның құзырына қоғамның Заңмен және құқықтық актілерімен және Жарғысымен бекітілген барлық сұрақтарын шешу кіреді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компания басқармасының құрамы 10 адамнан жасақталып, оның мүшелері сайланды.

Басқарма мүшелері қоғамның қызметін отырыс арқылы басқаруды жүзеге асырады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы Ереже

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма құзырына кіреді:

  • Қоғамның бір акционері мен Директорлар кеңесінің шешімін жүзеге асырады;
  • Директорлар кеңесіне Қоғамның 5 жылға арналған стратегиялық даму бағдарламасын, Қоғамның даму жоспарын (орта мерзімдік бизнес жоспарын) Қоғам бюджетін (1 жылға арналған бизнес жоспарын) жасап, ұсынады.
  • Даму жоспары (орта мерзімдік бизнес жоспары) , Қоғам бюджеті (1 жылға арналған бизнес жоспары) жасап және оның орындалуына жауап береді;
  • Қоғамның ішкі басқару тәуекелділігі мен ішкі бақылау үдерісін жасап, қолдану:
  • Қоғамның жұмысын басқарудағы кемшіліктер туралы Директорлар кеңесін тиісті мерзімінде құлақтандырады;
  • Қоғамның штаттық кестесін және құрылымын бекітеді, Директорлар кеңесі бекіткен есепке сай (жалпы құрамы) орталық аппарат қызмкерлері құрамы және Қоғамның өкілдіктерінің құрамын бекітеді;
  • Қоғамның жұмысын ұйымдастырудағы Директорлар кеңесі бекітуге жатпайтын басқа да құжаттарға орай шешім қабылдайды;
  • Бір акционердің еншілес және құрылымдық мекмелеріне қатысты қызметін атқарады;
  • Қоғамның жұмыс кестесін анықтайды;
  • Қоғамның орталық аппаратты басқару құрылымын бекітеді;

2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының 32 отырысы өткізілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасы отырысының қарауына 351 мәселе енгізді.

Пайдалы сілтемелер