Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық мақсаттарын, дамуының басым бағыттарын анықтайды және қызметінің ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын белгілейді, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және адами ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы органының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің құрылымы Жалғыз акционердің мүдделерінің әділ және объективті ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің сандық құрамын Жалғыз акционер анықтайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 8 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз болып табылады.

Директорлар кеңесі Компанияның тиімді басқарылуы және оның қызметіне тиісінше бақылау жасалуы үшін Жалғыз акционердің алдында жауапты болады.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің жанында Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару құрылымын жетілдіру мақсатында құрылған және Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңес органы болып табылатын жанында төрт комитет жұмыс істейді (Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 8 тамыздағы шешімі, №8 хаттама):

  • Аудит жөніндегі комитет
  • Стратегиялық жоспарлау және инновациялар жөніндегі комитет
  • Кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитет
  • Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет

Директорлар Кеңесі Компанияның стратегиялық даму бағытын анықтайды, өндірістік-қаржылық сипаттағы мәселелерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды. 2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар Кеңесінің 8 отырысы өткізілді. Сондай-ақ 2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар Кеңесі комитеттерінің 31 отырысы өткізілді.

2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар Кеңесімен 136 мәселе, соның ішінде келесілерге қатысы бар мәселелер қарастырылды:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар Кеңесі - 9;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Басқармасы - 7;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тағы трансформация - 10;
  • өндірістік-экономикалық сипаттағы - 32;
  • кадрлар – 13;
  • мәмілелер -7;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің есептері - 33;
  • басқа сұрақтар -25.

Қабылданған шешімдердің орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, кейіннен Директорлар кеңесіне жүйелі түрде хабарланады

Корпоративтік хатшының өзінің функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Корпоративтік хатшының аппараты (бұдан әрі – Аппарат) құрылған. Аппарат Компанияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның құрамында жеті қызметкер бар. Аппараттың қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін тиісті біліктілікке және дағдыларға ие.


д-р Вильгельм Бендердің «Самұрық-Қазына» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор лауазымына сайлануына (ҚР Үкіметінің 27.03.2018 ж. №144 қаулысы) байланысты, 2018 жылғы 29 наурызда ол "ҚТЖ" ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарламаға қол қойды.



«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының күндізгі отырысының 2016 жылғы 5 шілдедегі хаттамасынан үзінді көшірме.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының күндізгі отырысының 2016 жылғы 10 қазандағы хаттамасынан үзінді көшірме.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже 82.79 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің аудит бойынша Комитеті туралы ереже 26.56 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті туралы ереже 23.45 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қоршаған ортаның қауіпсіздігі және оны қорғау Комитетінің Директорлар кеңесінің ереже 28.67 KB
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеті туралы ереже 26.55 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Корпоративтік хатшы туралы» ереже 23.83 KB
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлары кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары 33.3 KB